Юннаттардың қысқы ойыны.
Қызық ойын
станцияда,
Өтті бүгін тамаша.
Қысқы ойынға
юннаттар,
Жиналды қуана.
Спорт әрдайым
біздің өмірде,
Ойнайық күлейік,сау
болып жүрейік.
Жеңіліс те,
жеңісте рух бойына күш берер,
Сенімділік пен
беріктікті, санамызға сіңірер
Көңіл-күйді
көтерер.
Автор: «Жас эко тілші» үйірмесінің юннаттары Адилханова Жанна, Сахимкереева Анель.
Юннаттар
мен студенттердің жарысы.
Бұл жарысқа біздің станциямызға тәжербие өтуге келген
АГУ университетінің студенттері де белсене қатысты. Яғни олармен бірлесе
жарыс ойындарын өткіздік. «Шалтай-балтай» тобын құрып,жеңуге тырыстық.Жарыс
ойындары қиында қызықты болды.Жарысқа қатысып орын, жүлде-алмасақ та... Бастысы
қатысушымыз.Юннаттар арасындағы ойын қызық болғанымен,студенттермен бірге ойнаған ойын
ерекше қызықты өті. Мен натуралистер станциясындағы
«Жас эко тілші» үйірмесінің юнатымын.Біздің станциямызда осындай жарыстар жиі
болып тұрса екен деймін. АГУ университетінің студент қыздары мен ұлдары өте
тартымды және сыпайы. Оларға да бұл жарыс ойындары қатты ұнапты.Балалық
шақтарына бір оралып қайтқандай ерекше әсер алдық дейді.Мен өз басым осы ойынан
алғаным көп болды. 2 және 3 орын алған топтар біздің бір мектепте оқитын
таныстарымыз. Олар үшін қатты қуаныштымын. Бұл бір керемет ойын болды.
Көңілді
қысқы ойындар жарысы.
Өз басым қысқы
ойындарды жақсы көремін,әсіресе қар атысып,сырғанақ тепкенді. Біздің
станциямызда әр жыл мезгілдерінде түрлі ойындар ұйымдастырылып өткізіліп
отырылады.Бүгінгі қысқы ойын жарысы өте тамаша өтті. Ойынан алған әсерлер ұзақ
уақыт бойы есімізден шықпай, қуаныш сезіміне бөлеп жүреді. Жарысқа қатысушы
топтар көп болды,әр топ өздігінен озып шығуға жанталасып тырысып
жатыр. Ойындардың ішінде қиындауы болғаны көзді байлап аққалаға
дәлдеп тұрып мұрынын қадау болатын. Бірақ ең қызығыда осы ойын еді.
Жарысқа қатысушылар арасында 1-2 сынып оқушыларынан бастап студенттерге дейін қатысты. Мақсат жеңу емес бастысы қатысып,
біраз таза ауада серігіп көңіл көтердік. Қатысушы балалардың бәрі риза болып
үйлеріне қайты. Осындай ойындар жиі бола берсе екендейміз.
Автор:
«Жас эко тілші» үйірмесінің юнаты Сахибкереева Анель.
|