Міне, арайлана, алтынға малынған күзде келді. Күн қысқарып, түн ұзарды, елдің бәрі қыс қамына кірісіпте кеті. Биылғы күз ерекше жылы. Кей-кейде ғана апталар арасында аспанды бұлттар басып жаңбыр сіркіреп қояды. Маған күз мезгілі ұнайды, несімен деген сұрақ қойсақ? Айтар едім; әсем көркімен,таңғы қырауымен, аңқыған таза жұпар иісімен және алтынға малынған ағаштарымен. Қараудан көзің талмайды.
Күз айларында құстар жылы жаққа қоныс аудара бастайды, шыбын-шіркейлердің кей-біреуілері тіршілігін тоқтатып, ал кейбіреулері жердің астына көктемге дейін түсіп кетеді. Күздің тамаша жақтары мен жайсыз кездері кездесіп тұрады, осынай құбылыстарына байланысты күз айының ерекшеліктерін бақылап тамашалауға болады. Күз мезгілі тұрақсыз болғандықтан, ол адам баласына сыры ашылмаған жұмбақ болып келеді. Біздің елімізде жылдың төрт мезгілін кездестіруге болады, әр мезгіл өздігінен әсем- көрікті. Мен өзімді мақтан тұтамын, осы Қазақстанда туылып, өскеніме. Өйткені тек бізде ғана төр мезгілді бақылап, зертеп тамашалауға болады. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы күздің тамаша табиғатын, күздің жайсыз кездерін, өз жырларында жырлап, көрсете білді. Кей адамдар күзге ренжиді, ал күзге ренжуге болама?
Автор: Марат Айнұр.
|