Қаламыздың көркі қоқыстар. Шынында да қайда көз жүгіртсекте айнала толы қоқысқа. Әсем көшелеріміздің көркіне қарасаң еріксіз көзіңе жас келеді. Қаламыздың осындай күйге дұшар болуына кімдер кінәлі? Тұрғындар ма? Әлде билік басындағы көкелеріміз бе? Қарап тұрсам қала тұрғындарына осы қоқыстар үйреншікті, бір өмір ағысы ретінде қалыптасып, сіңіп бара жатқан секілді.Ең қорқыныштысы жас жеткіншекткрдің ой-өрісі сол бағытта дамып баражатқаны. «Отан, от басынан басталады» демекші,тәрбиенің бәрі ана құрсағында жатқанда-ақ басталады.Бір-ақ өкінішке орай, жабулы қазан жабық күйінде қалып қоя береді. «Тазалық- саулық негізі» демекші,тазалыққа жүгінейік,ортақ үйімізді ластамайық,таза ұстайық.Әр-бір адам қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосса, қаламыз жарқырар еді.Ертеңгі ұрпақтардың таза ауамен демалуына ,олардың сау болып, өсіп-өнуіне экологиямыздың таза болуына жан- тапай тазалыққа күресуіміз керек.Ертегі ұрпақтың болашағын ойлайық!
|