Пангасиус (Pangasius hypopthalmus) жайын балығы
Жас натуралистер станциясы, Алматы қаласы.
Қосымша білім беру мұғалімі, Жумабай Пернегүл
" Жас аквариумистер " үйірмесінің жетекшісі
Қазіргі кезеңде жас жеткіншектеріміздің қалаған істерімен айналысуына барыншажағдай жасалған. Олай дейтін себебім,осынау ХХІ ғасыр техника, компьютер, білім-ғылым ғасыры деп айтамыз. Осындай техникалардың көмегі арқылы шыны ыдыстан жасалған "Бөлме көлі" деп аталатын аквариумның сан алуан түрлері бар екені белгілі. Осы аквариумда өсірілетін алуан түрлі балықтар, өсімдіктер басқада организмдер бұлардың барлығы таза табиғаттағы өзен, көл, теңіз әлемдерінің кішірейтілген, яғни балдырған бүлдіршіндеріміздің, тіпті соларға бағыт-бағдар беріп отыратын сіздер мен біздердің шығармашылығымыздың одан әрі дамуына, білімдерімізді жетілдіріп, одан әрі ғылым жолына құлаш сермеуімізге ыңғайланып жасалынған әйнек шыны деп қарастыруымызға болады.
Алматы қаласы, "Жас натуралистер станциясында" аквариумдық балықтардың 10 нан астам түрлері өсіріледі. Олардың ішінде жыртқыш емес балықтар (гуппи, семсерші, жартай, алтын балықтың түрлері, жұмақ балығы т.б) және жыртқыш балықтардың (тиляпия мэри, қаражолақты цихлозома, меланахром иохана, колибри, акара, жайынтәрізділердің бірнеше түрі т.б) түрлері кездеседі.
Сондай-ақ, жақында, біздің "Жас натуралистер станциясына" жайынтәрізділер (Siluriformes) отрядына,Pangasiidaeтұқымдасына жататын, Пангасиус(Pangasius hypopthalmus)атты аквариумдық ірі жыртқыш балықтардың бірін, ең жас табиғат сүюшілеріміздің ата-анасы сыйға тартты.
Пангасиус(Pangasius hypopthalmus)жайынбалығы Оңтүстік және Орталық Амертика, Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерінде және Тайланд, Лаос, Вьетнам елді мекендерінде кең таралған [1].
Пангасиус(Pangasius hypopthalmus)жайынбалығының ерекшеліктері денесінің астыңғы бөлігінен құйрық қанатына қарай күміс түстес ашық болып келеді. Құйрық қанаты жоғары және төмен бағытталған. Бұл балықтың басы жалпайған, көзі үлкен қара, аузы көлденең орналасқан, ауыз жанында екі жұп мұртшасы орналасқан, тірі ұсақ балықтармен және ірі қорек түрлерін ұстауға бейімделген[2].
Негізгі қорек түрлері шағын денелі тірі балықтарды, кесектеліп туралған еттерді және құрғақ қорек түрлерін, сонымен қатар мұздатылған қоректермен, ұн құрттарымен де қоректендіруге болады[3].
1-сурет. Пангасиус жайыны (Pangasius hypopthalmus)
Жалпы ұзындығы 25-30 см болатын, сиымдылығы 300-400 литрді тіпті оданда сиымдылығы жоғары, су температурасы 18-22Сº болатын аквариумда өмір сүреді. Бұндай балықтар судың ортаңғы қабаттарында тіршілік ететін, жылдам қозғалатын, секемшіл әрі сезімтал аквариумдық ірі жыртқыш балықтардың бірі болып табылады [4].
Бұл Пангасиус(Pangasius hypopthalmus)жайынбалығын өзіміз газет-журналдардан оқып, ертегілерде басты кейіпкер болатын, ал кино әлемінде ешбір жануарды талғамай жұтатын шеміршекті алып акула балығына өте ұқсас болып келгендіктен, жас табиғат сүюшілерімізбен, қызықтап келетін балалардың саны Жас натуралистер станциясында күннен күнге арта бастады. Олардың біразы алыс-жақында тұратын достарын ертіп келсе, енді біреулері ата-анасымен бірге қыдырып, қызықтап келушілердің саны біртіндеп көбейе бастады.
Бұндай ірі жыртқыш балықтарды қаламыздағы хайуанаттар бағынан, түрлі демалыс орындарынан, ойын-сауық орталықтарынан, тіпті бұдан да басқада балық түрлерін жұмыс орындарынан және кеңселерден байқап, қызығушылық танытып жататынымыз рас. Бұл дегеніміз, аквариумдық балықтардың адам денсаулығына да тигізер пайдасының зор екендігін көрсетеді.
Бұл дегеніміз өсіп келе жатқан жас жеткіншектерімізге қоршаған орта мен адам баласының арасындағы тығыз байланыс бар екендігін мына бір өлең жолдарынан аңғаруымызға болады.
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ, - дегендей адам баласы үшін табиғаттың тигізер пайдасының зор екендігінің тағы бір дәлелі болып табылдады.
Қолданылған әдебиеттер
- Д. Миллс; Д. Ламберт. Справочник по аквариумным рыбам. Руководство по содержанию и уходу.
- Қ.Қайымов. Суасты әлемінің айнасы.
- Е. Пыльцына. Все об аквариуме.
- Л. В. Чулкова; И. В. Глуховцев; В.Е. Карпов; А.В. Чулков. Ваш аквариум.
|