Среда, 24.Апр.2024, 16:25Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Категории раздела

Наши публикации [14]
Сценарий праздника [0]
Сценарии юннатских праздников, пока не опубликованы

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Каталог статей
Главная » Статьи » Наши публикации » Наши публикации

Аквариумдық балық өсіру және «Жас натуралистер станциясындағы» әсемдік балықтар

Әліпбаева Қарашаш Нүсіпәліқызы

Қосымша білім беру педагогы

Аквариумдық балық өсіру және 

«Жас натуралистер станциясындағы» әсемдік балықтар.

 

        Аквариумдық балық өсіру бағыты – ежелгі тарихы бар балық шаруашылығының бір саласы болып табылады. Қазақстан нарық жағдайында аквариумдық балық өсіру немесе әсемдік балық шаруашылығымен арнайы айналысатын кәсіпорындар жоқ десе де болады. Алайда, бұл жағдайға қарамастан, республикамызда әсемдік балықтарға қызығушылық пен сұраныс бар және ол жылдан жылға артып келеді. Қазақстан тұтынушыларының талабы бойынша, әсемдік балық түрлерінен көбінесе декоративті алтын балықтар, түрлі – түсті гуппилар мен коя балықтары үлкен сұранысқа ие. Аталған балықтар өзінің өсу әдістерінің қарапайымдылығымен, өсірудің аса қиын еместігімен ерекшеленеді. Бұл балық түрлерін  үй жағдайында өсіру арқылы, адам өзіне тек оң эмоциялар алып, шаршаған  жүйкесін тыныштандырады. Сондай ақ қазіргі уақытта ихтиотерепия саласы арқылы адамдарды емдеу оң нәтижесін беруде. Қалауын тапсан қар жауар демекші акквариудық балықпен айналысу таптырмас бизнез көзі.

Аквариумдық балық өсіру мектеп оқушылары мен жасөспірім балалар үшін де, олардың сана – сезімінің қалыпты дамуына үлкен септігін тигізеді. Қазіргі таңда ең бір қуантарлық жағдай аквариум саласымен айналысатын адамдар саны  жылдан жылға артып келеді. Су асты әлемі өзінше бір тылсым дүние дейтін болсақ ,оның  таңғажайып қыр сырын  әйнек арқылы бақылау,  әрбір адамңың қызығушылығын тудырмай қоймайды деп ойлаймын. Менің бұл аквариумдық саланы таңдауыма арқау болған су асты әлемінің тылсым сырлары.

Әсемдік балық өсірудің аталған ерекшеліктерін ескере отырып, «жас натуралистер станциясының» зоология бөлімінде  әсемдік мақсатта өсіріліп жатқан аквариумдық балықтар жайлы болмақ. Бұл жерде аквариумдық балықтардың ,бірнеше   түрі өсірілуде. Атап айтатын болсақ: алтын балық, гуппи, семсерші балық, қара скалярия, жұмақ балық, цихлида, анциструс, таракатум жайын,цихлазома, т.б. Аталған балықтардың барлығы дерлік өзінің аквариумдық жағдайда өсіруге қолайлығымен ерекшеленеді. Аквариумдық балықтарға күтім жасау өте қызық жұмыс дейтін болсақ дегенменде үлкен төзімділікті қажет етеді. Себебі күніне екі уақыт тамақтандыру    және аптасына бір рет тазалық жұмыстарын жасап тұру керек. Егерде балықтарымызға мұндай күтім жасамайтын болсақ түрлі ауруларға шалдығуы әбден мүмкін. Біздің аквариумде өсіріліп жатқан аквариумдық балықтар көбеюі жағынан үш топқа бөлінеді: уылдырығын шашу арқылы, тірідей туу арқылы және уылдырығын аузына сақтау арқылы.

Әсемдік балықтарға қысқаша сипаттама

    

Carassius auratus auratus – алтын балық

 

 

Алтын балық балалардың ең сүйікті балығы.

Алтын балықтар Carassius auratus auratus күміс мөңкенің түрасты, Қытайдың, Жапонияның және Кореяның кейбір аралдарында жабайы түрлері тіршілік етеді. Әртүрлі түрлері өте көп кездеседі, бірақ олардың нақты саны санаққа алынбаған. Алтын балықтың қабыршағы негізінен мөлдір. Оның астында терінің жұқа түс беретін  пигментті (бояйтын)  қабаты орналасқан, сонымен бірге гуанин деп аталатын кристаллды материал қабаты бар. Гуанин металлды жылтыр түс береді. Алтын балықтар денесін бас, тұлға және қанаттар деп бөледі. Алтын балықтың отанында олар 30 см-ге дейін өсетін тоғандар мен бассейндерде ұстайды, бірақ аквариумде 15 см-ге дейін ғана ұстайды. Уылдырықтарын шашу арқылы көбейеді. 

   

Гуппи 

 

 

 

Скалярия –Pterophullum

Гуппи  тұқылар тұқымдасына жататын балық,   Аквариуммен енді ғана шұғылдана бастаған әуесқойлар үшін бұл таптырмайтын балықтың бірі. Оның отаны – Америка. Гуппилер Америка суларында табиғи жағдайда тіршілік еткен. Оның дене тұрқы 4-6 см Оның аналығы аталығынан ұзын болады. Гуппи жапырақтары ұзақ, су бетінде қалқып өсетін аквариумде жақсы өседі

Аталықтың дене тұрқы 1,5-4 см болып келеді. Денесіндегі түстері ашық түсті болады. Аталықтарының құйрық жұзбе қанаттары өте ұзын болады. Тірідей туу арқылы көбейеді.

 

Скалярия – алабұға тұқымдасдан ең көп тараған балық түрі. Скалярия балығын Амазонка, Тапахос өзендерінде және Ориноко озендерінің салалырында таралған екі түрін будандастыру арқылы алған. Оны су температурасы 26-28 с 100 литрлік аквариумда өсіру керек. Оның аналығы 400-500 ге дейін уылдырық салады. Уылдырығын шашу арқылы көбейеді.

  Меланохромис иохана – Cichidae

 

Меланохромис иохана балығы селекция нәтижесінде шыққан. Цихлидалар тұқымдасына жатады. Ашық түсті денесінің үстінен күңгірт көк түсті жолақтар өтеді. Құйрық жағына қарай жолақтарының түсі бозарады. Аталықтарымен аналықтарын ажырату оңай. Аталықтары көгілдір, аналықтары сары түсті. Аквариумда өсіру оңай. Су температурасы 23-28с болуы керек. Көбею жағдай өте қызық. Бұл балықтар уылдырықтарын аузына сақтау арқылы көбейеді.

 

 Анциструс

 

 

Жолақсыз цихлозома- Herosefasciatus

Анциструс -жайынтұлғалылардың отряд  тармағының  шыбыртқықұйрық тұқымдастарына жатады.  Оны қазақша жабысқақ балық деп атайды.  Денесінің түсі сұр, қоңыр немесе жасыл қоңыр болады да, денесіне шашыратып тастаған сияқты дақтары болады. Анциструстар  14-15 см-ге дейін өседі.  Анциструстардың өмір сүру ұзақтығы 5-6 жыл,егер күтіп-баптауы жақсы болса олар 10 жылға дейін өмір сүреді. Уылдырығын шашу арқылы көбейеді.

 

 

 Амазонка су қоймаларында кең таралған. Құрсақ бөлімдері сарғыш келген. Ұзындығы 10-15см болатын балық. Көзінің қабыршағы анық көрініп тұрады. Аталықтарымен аналықтарын айыру өте оңай. Аталығы аналығына қарағанда кішкентай. Ұрпақтарына аталықтары қамқоралық жасайды. Қорек талғамайды. Уылдырықтарын шашу арқылы көбейеді.

 

Торакатум жайын- Hoposter numthorastum

Оңтүстік Американың орталық және солтүстік су қоймаларын кеңінен таралған . оте ерекше аквариумдық балықтар тобы десекте болады. Бұл балықтар аквариумның ек төменгі бөлігінде жүзіп жүреді, тек қорегін жеуге қана көтеріледі. Уылдырықтарын шашу арқылы көбейеді. Уылдырықтары тек 8-10айында ғана өсіп жетіледі.

 

Семсерші –Xiphophorus Helleri

Тұқытістілер отрядына жатады. Аналықтары 12см-ге дейін ал табиғи жайдайда 15 см дейін өседі. Денесінің түсі біркелкі қызыл немесе алтын түсті болып келеді. Құйрық қанатында ұзын семсерге ұқсаған қанат бар сол себептіде семсерші деп аталған. Бұл балықты аквариумда өсіру гуппиға қарағанда қиын балықтың жақсы өсуіне үлкен көлемді аквариум қажет себебі еркін жүзіп өсуі керек. Бұл балық тірідей туатын балық.

 

 

Біздің  бөлімінде  аквариумдық балықтарды өсіріп баптауды үйрететін «Аквариум патшалығы» «Жас аквариумис» деген уйірмелер жұмыс жасайды. Бұл үйірмелердің басты мақсаты оқушыларға аквариумдық балықтарды өсірудің қыр сырымен үйретеді.  Елбасымыздың жолдауында айтып өткендей болашақ жастардың  қолында демекші Қазақстанымызда аквариум саласының дамуына өз үлесімізді қосайық дегім келеді. Жас достар барлықтарынызды осы уйірмелерге қатысуға шақырамыз.

Категория: Наши публикации | Добавил: metodist (08.Фев.2017) | Автор: ӘЛІПБАЕВА ҚАРАШАШ
Просмотров: 2407 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |