Пятница, 29.Мар.2024, 15:30Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Апрель 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2018 » Апрель » 05

«Көктем көркі - Қызғалдақ» қалалық фестивалі аясында

«Көктемгі қиял» атты гүлмен безендендірушілердің балалар байқауын өткізу

Ережесі

1. Негізгі ережелер

1.«Көктемгі қиял» атты гүлмен безендендірушілердің қалалық балалар байқауын өткізу ережесі, оның мақсаты мен міндетін және өткізілу тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті:

- балалар мен ересектердің табиғатпен байланысты қолданбалы іс-әрекеттерге қызығушылығын дамыту, оқушылардың өсімдіктер туралы білімін кеңейту;

- жас флористердің шеберлігі мен шығармашылығын көрсету;

- жаңадан қатысушыларды тарту үшін шығармашылық атмосфераны құру, тәжірибе мен идея алмасу үшін жағдай жасау;

- флористика саласындағы балалардың шығармашылық қызметіне қоғамның назарын аудару болып табылады.

3. Гүлмен безендендірушілердің қалалық балалар байқауы Алматы қаласы Медеу ауданы және Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Білім Басқармасы Жас натуралистер станциясы өткізеді.

2. Өткізілу орны және уақыты.

1. Гүлмен безендендірушілердің қалалық балалар байқауы Алматы қаласындағы Орталық саябақта 29 сәуір 2018 жылы сағ 12-00 ден 13-00 с. дейін өткізіледі.

2. Байқауға қатысу жөніндегі өтінім 2018жылдың 21-ші сәуіріне дейін фестивальді ұйымдастыру комитетіне, мына мекен-жайда қабылданады: Алматы қаласы, Щепкин көшесі, 27-ші үй; әдіскерлер бөлімі, тел: 309-75-99;

факс 309-66-44,e-mail: naturalist2011@ mail.ru

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Ұйымның мектептің, сыныптың атауы

Жетекшінің Аты-жөні

Қатысушы мен жетекшінің байланыс телефондары

3. Байқауға қатысушылар

1.Байқауға жалпы білім беру мектептерінен, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарынан 7-10 сынып оқушылары қатыса алады.

2. Байқауға қатысу үшін әрбір ұйымнан бір педагог пен бірге 2 адамнан артпайтын оқушы жіберіледі.

4. Байқауды өткізу тәртібі.

1. Әрбір қатысушыға жұмыс жасауға арналған бір экспо-орын беріледі. Жұмыс байқауға қатысушының өз материалынан орындалады. Қатысушының тапсырманы орындау үшін қажетті жеке құрал-жабдықтары болуы керек.

2. Композиция қазылар алқасының қатысуымен орындалады.

3. Жұмыстың орындалу уақыты – 60 минут.

4. Қатысушы тапсырманы орындау бойынша байқаудың басталуы туралы белгіден кейін ғана жұмыстарын бастайды және жұмысты аяқтағаннан кейін жалғастыра алмайды.

5. Жоғарыда көрсетілген кез-келген талаптарды бұзу, жұмыстарды бағалау кезінде ұпайларын алып тастау үшін негіз болып табылады. «Көктем көркі - қызғалдақ» қалалық

фестивалінің барлық кезеңінде де, конкурстық жұмыстардың эстетикалық түрі сақталып тұруы керек.

5. Жұмысқа қойылатын талаптар.

6. Жұмыстың түрі - тірі өсімдік материалынан жасалынған (гүлдер, бұтақтар, шөптер, мүк, ағаш бұтақтары, тастар және т.б.) оазисте (көгалда) табиғат көрнісін бейнелейтін композиция

7. 10% инертті материалды (үй, адам немесе жануарлар бейнелері) пайдалануға рұқсат беріледі.

8. Композиция көлемінің ұзындығы - 60 см, ені - 40 см.

6. Пейзаждық композицияны құрастыру бойынша ұсыныстар

Пейзаждық композицияның мақсаты – тірі табиғат бұрышын бейнелеу. Сиымдылық немесе тіреуіш композицияның тақырыбына сәйкес болуы керек. Сіз табиғилыққа ұмтылуға және миниатюрадағы шынайы бақшаны қалпына келтіруге тырыспаңыз. Мысалы, қызықты пішінді бұтақ тармағы, ағашты бейнелейді. Ең маңыздысы өлшемін (масштаб) сақтау. Композицияда керек-жарақтар басым болмауы керек. Егер өсімдік материалынан басқа, ұсақ тастар сияқты кейбір қоспалар пайдаланылса, оларды шашып тастамай, оларды жинақы түрде жинастырып қою керек. Кішкентай орынға тым көп материал жинамаңыз, композиция бос орынды сезінуі керек.

7. Байқау жұмысын бағалау және марапаттау.

1.Байқау жұмыстары келесі критерилер бойынша бағаланады:

- оның іске асыру идеясына сәйкестігі;

- күрделілік дәрежесі;

- түстердің, пішіндердің, пропорциялардың үйлесімді қиюласуы;

- материалды сақтауға бейімділік;

- бекіту техникасы (оның көрінбейтіндігі).

2. Байқаудың қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушылар бекітеді.

3. Барлық қатысушыларды конкурсқа қатысқаны туралы сертификаттармен, ал, номинанттары - дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады

4. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және талқылауға және қайта қарауға жатпайды.

Осы Ереженің талабын орындамаған жағдайда, байқауға қатысушы дисквалификациялануы мүмкін.

Дисквалификацияның себебі конкурстың имиджіне, қазылар алқасы мен оның ұйымдастырушыларымен дауласуы мүмкін.

Просмотров: 696 | Добавил: metodist | Дата: 05.Апр.2018 | Комментарии (0)

«Көктем көркі - Қызғалдақ» қалалық фестивалі аясында, сән көрсетілімі - «Көктемің нәзік гүлдері» балалар байқауын өткізу

Ережелері

1. Негізгі ережелер

1. Cән көрсетілімі - «Көктемің нәзік гүлдері» қалалық балалар байқауын өткізу Ережелері оның мақсатын, міндетін және өткізілу тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті:

- балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және тәрбиелеу;

- киім үлгілерін безендіру және жасау барысында танымдық қызығушылықтарын дамыту;

- балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылығын жандандыру;

- істеген жұмыстарынан жағымды эмоциялар мен дұрыс көңіл-күй қалыптастыру болып табылады.

3. Cән көрсетілімі - «Көктемің нәзік гүлдері» қалалық балалар байқауы Білім Басқармасы, Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу Басқармасы және Жас натуралистер станциясының қолдауымен өткізіледі.

2. Өкізілу орны және уақыты

1. Сән көрстілімі – қалалық балалар байқауы 2018 жылы 29-шы сәуірде, сағат 11-00де Алматы қаласының Орталық саябағында өткізіледі.

2. Байқауға қатысу жөніндегі өтінім 2018 жылы 21 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жайға тапсырады: Алматы қаласы, Щепкин көшесі 27, әдіскерлер бөлімі: 12 каб; тел. 309-75-99. E- mail: naturalist2011@mail.ru.

Өтінім үлгісі:

 

№.

 

 

Қатысушының

Аты-жөні

 

Ұйымның, мектептің, сыныптың атауы

Жетекшінің аты- жөні

Жетекшінің, қатысушының байланыс телефондары

e-mail

 

3. Байқауға қатысушылар

1. Байқауға қатысушылар Алматы қаласының білім беру ұйымдарының 7 -17 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып табылады.

2. «Көктемің нәзік гүлдері» байқауына қатысушыларды келесі жас топтары бойынша бағалайды:

- бірінші жас топтары: 7-10 жас;

- екінші жас топтары: 11-14 жас;

- үшінші жас топтары бойынша: 15-17 жас.

4. Байқауды өткізу тәртібі

1. Байқау басталғанға дейін әрбір қатысушы тіркеу нөмірін алады.

2. Костюмдерді бағалау жас топтары бойынша тіркеу нөмірлеріне сәйкес жүзеге асырылады

3. Қазылар алқасының жұмыстары аяқталысымен, байқауға қатысушылар сән көрсетіліміне қатысады.

5. Костюмге қойылатын талаптар

1.Байқауға балалар көктемнің алғашқы гүлдері болып киініп шығады ( бәйшешек, қызғалдақ, нәркез және т.б.) Костюм, киім мен аксессуарлардың келісілген жиынтығын біріктіріп, осы тақырыпқа сай қатысушының сырт келбетін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беру, шынайы және жарқын болуы керек.

2.Костюм кез-келген техникада (тігін, тоқыма, өру және т.б.) және кез-келген дәстүрлі және дәстүрлі емес материалдан орындалуы мүмкін (орау материалдары, изолан, сым, тығын, қақпақтар, монеталар, пластикалық ыдыс бұйымдары, дискілер, магниттік таспалар, қағаз майлықтар, газеттер, журналдар, гофрленген қағаз, орауыштар, өсімдік және табиғи материалдар, торлар, пенопласт, поролон, мақта, қауырсын, жасанды гүлдер және т.б).

3..Жұмыстар эстетикалық түрде безендіріліп, көркемдік мәнерлілігі мен сыртқы пішіні жинақы болу керек.

4.Байқауға қатысушы киім үлгісімен (костюммен) сән көрсетіліміне қатысады

Дефиле ( сән көрсетілімі ) - қысқа таныстырылым, бұл костюм мен модельдің бейнесін көрсету болып табылады. Модельге (үлгі) баға беру үшін сән көрсетілімінде бірнеше тұрақты бейнелер ( статикалық поз) болуы керек.

6. Байқау жұмыстарын бағалау және марапаттау.

5. Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша әрбір жас санатында бағаланады:

- идеяның жаңалығы;

- түстерде идеяның көрнісі;

- пайдаланылатын материалдардың өзіндік ерекшелігі;

- сәндік кейпі (кескін стилі);

- дайындау сапалылығы;

- костюм бөлшектерінің ерекшелігі мен үйлесімділігі

6. Қазылар алқасының құрамын Алматы қаласы Білім Басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы бекітеді.

7. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, ал орын алғандарға - дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылады.

8. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады, талқылауға және қайта қарауға жатпайды.

Осы Ереженің шартын орындамаған жағдайда, байқауға қатысушы қатысу құқығынан айырылуы мүмкін.

Байқауға қатысу құқығынан айырылу себебі дегеніміз, қазылар алқасы және оның ұйымдастырушыларымен дауласу, конкурстың имиджіне нұсқан келтіру болып табылады.

Просмотров: 598 | Добавил: metodist | Дата: 05.Апр.2018 | Комментарии (0)

free counters
Copyright MyCorp © 2024 |