22-ші қарашада
сағат 1500де «Жырдарияның
жұмыр жылғасы» атты біздің Жас
натуралистер станцимызда қазақтың ақыны,ағартушы- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
120жылдық мерей тойына арналған әдеби қонақ бөлмесінде кездесу өтті. Мұнда
балалар ақынның өмір баянымен танысып, ақынның
шығармаларынан сүйікті өлеңдерін оқып жатқа айтты. Сонымен қатар ақынымыздың
«арыстан мен тышқан» атты шығармасынан балалар
көрініс қойып баршаның көңілінен шықты. Ұстаздарымызда ақынның
өлеңдеріне үзінді оқып ат салысты. Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың мерей тойына арнап
оқушылар арнауларын оқыды. Ақынның
ғасырлар бойы сақталған қолтаңбасы
көрсетілді.Кітаптарынан көрме ұйымдастырылып балаларға
ерекше ұнады.
Киелі қазағымның даласына
Сұлтандай дана берді баласына!
Жырлары әлі күнде үр сақталып,
ұласып,ғасырлардан ғасыр асып.
Сұлтан ақын ширек ғұмыр жасаған,
еңбектері саф алтындай сақталған,
айналдым қазағымның даласынан
Сұлтандай жас қыранды дара туған!
Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын құрайтын үлкен,
асау,арналы өзенінің бірі болып қалмақ.Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.
|