Пятница, 29.Мар.2024, 13:57Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Март 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2018 » Март » 19 » «Ғылыми көктем»
«Ғылыми көктем»
14:29

III. Конференцияны өткізу уақыты, орны және тәртібі

3.1.Конференция 6 сәуір 2018 жылы сағ. 11 де Жас натуралистер станциясында өткізіледі. Мекен-жайы Алматы қаласы, Щепкин көшесі 27, Ұйымдастыру комитеті: 12 каб; тел. 309-75-99. E- mail: naturalist2011@mail.ru

3.2. Конференцияға қатысу үшін 1000 теңге ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.

3.3. Қатысу үшін өтінім 26 наурыз 2018 жылға дейін қабылданады.

Өтінім үлгісі:

 

Қатысушының

Аты-жөні

Туған жылы

Сынып,

мектеп

Жұмыстың

атауы

Жұмыстың жетешісі,

Лауазымы,

Жұмыс орны

Байланыс

телефоны

3.4. Конференцияға жұмысын қорғауға тек, алдын-ала сараптамадан өткен жұмыстарға ғана рұқсат беріледі. Ереже талаптары бұзылған жұмыстар қаралмайды.

3.5. Конференцияға қатысушылар жұмыстарын орындауға және қорғауға бір ғана секцияда рұқсат беріледі. Жұмыстарын қорғау уақыты 10 минут. Жұмысты қазылар алқасының алдында автордың өзі қорғайды. Қорғау кезінде зерттеу тақырыбын таңдауы және өз бетімен орындау дәрежесі, жұмысқа шығармашылық көзқарасы, берілген сұраққа толық жауап беруі, мәселені қамтылу түбегейлілігі бағаланады.

3.6. Байқауды ұйымдастырушылар жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес келмеген кез келген жұмысты қабылдамауға немесе тексеруге қабылданған жұмыстың кері қайтаруына құқылы.

3.7. Байқауды ұйымдастырушылар байқауға тапсырылған жұмыстар мен олардың кейбір үзінділерін Жас натуралистер станциясының сайтына шығаруға , әр түрлі тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге пайдалануына құқылы.

IV.Жұмыстың мазмұны және рәсімдеу

4.1. Байқауға келесі номинациялар бойынша жұмыстар қабылданады:

«Экоәлем» - қоршаған ортаны қорғаудағы оқушылардың әлеуметтік маңызды қызметі: науқандар, табиғат қорғау сақшыларының және мектеп орман шаруашылығының атқарған іс-шаралары, өз аймағының экологиялық проблемалары, сондай-ақ өз өмірін табиғат қорғау ісіне арнаған қызықты адамдар туралы бейнероликтің көрсетілуі.

Талабы: электрондық файлдар jpg форматында 1920х1080 пиксельді. Бейнероликтің мазмұны ұсынылған жұмыстың сапасын ашуы тиіс. Презентациялық материалдарда түсініктемелер мен түсіндірмелер, сондай-ақ автордың пікірінше, барлық қажеттілердің бәрі қамтылуы тиіс.

Бағалау критерилері: Стилистикалық шешімділігі, практика жүзінде қолдануы, жаңашылдығы.

Креативтілігі, әлеуметтік маңыздылығы, бейнематериалдың сапалылығы.

  • «Туған өлкемізді зерттейік» - қорық аумақтарын және табиғатты қорғау туралы зерттеу жобалары, табиғи ескерткіштерді, табиғи обьектілер мен аумақтарды зерттеу және экспедиция туралы есептер, өз аймағының қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық науқандар және табиғатты қорғау шаралары.
  • «Жасыл экономика» -табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, суды, энергияны үнемдеу, қалдықты қайта өңдеуді басқару және пайдалану жүйесін жетілдіру және «таза көлікті» насихаттау мәселесіне бағытталған зерттеу жұмыстары.
  • «Қоршаған орта және денсаулық» -қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін бейнелеп көрсететін жобалар; денсаулықты сақтау аясындағы тәжірбиелік жұмыстар;

4.2. Жұмыс қазақ және орыс тілінде тапсырылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы керек. Жұмыс беттері міндетті түрде нөмірленіп, шеткі сызық сақталуы тиіс.

4.3. Әрбір жұмыста жетекшінің пікірі және маманның пікірсарабы бірге жүру керек. Онда таңдаған тақырыптың мақсаттылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, кемшілігі мен құндылығы көрсетіледі.

4.4. Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) Мәтін - қарпі Times New Roman, 12 pt. шеті: жоғарғы және төменгі 2 см, сол жақ 3 см, оң жағы 1 см. 
Жол аралығы 1.5. Абзцтық жылжуы - 1.25 см. Беттің еніне теңестіру. Көшірмені пайдалануға рұқсат етілмейді. 
Суреттерге және кестелерге қол қою - Times New Roman, 12 pt.

Мәтінде болуы керек:

- сыртқы парағы;

- мазмұны;

- түйіндеме (аңдатпа) – жұмыстың негізгі ережелерін қазақ немесе орыс тілінде қысқаша мазмұндау (жұмыс қай тілде жазылғандығына байланысты);

- кіріспеде – жұмыстың жүргізілген орны, оның мақсаты мен міндеті, өзектілігі көрсетіледі және тақырыпты таңдауын негіздейді;

-зерттеу мәселесі бойынша әдеби мәліметтерге қысқаша сараптама ( отандық және шет елдік) және әдебиеттерге шолу қоса кіреді;

- негізгі бөлімде: зерттеу әдістері мен материалдары; эксперимент жасау бөлімі, жұмыстың нәтижесі және оларды талқылау;

- қортынды (тұжырым, ұсыныс);

- пайдаланған әдебиеттер тізімі.

2) сыртқы бетінде көрсетіледі:

- жұмысты жасаған ұйымның толық атауы;

- жұмыстың тақырыбы;

- номинациясы

- орындаушы (аты-жөні, тегі, сыныбы, мектебі, ауданы)

- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны);

- жұмысты орындаған жылы.

4.5. Жұмысын қорғау кезінде қатысушыларға бейне және электронды материалдар, кескіндер, суреттер, сұлбалар және т.б. көрнекі материалдарды пайдалануға ұсынымдар жасалады.

V.Қортындылау және жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Зерттеу жұмысының бағалау нәтижесі қазылар алқасының хаттамасы бекітілгеннен кейін хабарланады.

Жүлдері орынның иегерлері мен оның жетекшілері Ұйымдастыру комитетінің дипломымен марапатталады, барлық қатысушыларға қатысқаны жөнінде куәләк беріледі.

Байқауға қатысушы осы Ереженің тәртібіне толық және сөзсіз қабыл алуды білдіреді. Осы Ереженің тәртібі орындалмаған жағдайда, қатысушы қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Конференцияның қатысу құқығынан айырылу: ұйымдастырушылармен қазылар алқасымен шиеленісу, байқаудың беделіне нұсқан келтіруі мүмкін болып саналады.

Просмотров: 582 | Добавил: metodist | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |