Пятница, 10.Май.2024, 17:04Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Октябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2013 » Октябрь » 2 » МЕРОПРИЯТИЯ
МЕРОПРИЯТИЯ
15:31
         Жас натуралистер станциясы біздің қаламыздың ең ежелгі қосымша білім беру ұйымы болып саналады. Алғашқы қадамын  белгілі жазушы натуралист М.Д.Зверевтің  ұйымдастыруымен  Алматы хайуанаттар бағының жанынан құрылған  «Жас натуралистер» үйірмесінен бастау алады.
        Бұл күндері станция өзінің құрылғанына 75- жылдық мерей тойын атап өткелі отыр.Бұл күнді құрметпен атап өту үшін осы жылдың қазан айының 14-20 аралығында Станцияда, Алматы қалалық Білім Басқармасының тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар өткізіледі:
·         «Әдемілік табиғаттан» -табиғи материалдан жасалған шығармашылық жұмыстардың көрме-байқауы
·         «Алматының күзгі бояуы»- оқушылар арасында гүлмен безендендірушілердің байқауы
·         «Зерделейміз, зерттейміз, жасаймыз!» -«Жасыл аралдар» бағдарламасы бойынша жобалар байқауы
·         «Юннат 2013» - ойын-фестивальі
            Апталықтың байқау жеңімпаздарын марапаттау және салтанатты жабылуы.
Осы іс-шаралар білім беру мекемелерінде оқитындарды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын зерттеу мәселесі бойынша жұмысқа тарту және табиғатты қорғау міндетін шешуге толыққанды араласуға, балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін ең қолайлы жағдай жасауға, мектеп оқушыларының экологиялық дүниетанымын және мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
 
 «Әдемілік табиғаттан»
табиғи материалдан жасалған шығармашылық жұмыстардың көрме-байқауы
14 қазан  2013 жыл.
            Табиғи материалдан жасалған бұйымдардың байқауы; сәндік- қолданбалы шығармашылықты насихаттау, мәдени дәстүрлерді және рухани қазынаны сақтау, бұйым жасаудағы  және табиғи материалдан жасалған композицияға қатысты тәрбиеленушілерді және ата-аналарды шығармашылық жұмысқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға 7 -  11жас аралығындағы  балалардың орындаған бұйымдар мен табиғи материалдан жасалған паннолар (бүрілер, жаңғақтар, бұтақтар, тамырлар, емен жаңғағы, талшындар, тастар, мүк, ұлу қабыршақтары, сабанша, балық сүйегi,) қабылданады.
          Әр жұмыстың 100х50 мм заттаңбасы болуы керек және ол жұмыстың төменгі сол жақ бұрышына бекітіледі.Оқуға ыңғайлы және жұмысты қалқаламау керек.Заттаңбада баланың аты-жөні, жасы,мектебі, жұмыстың атауы, жетекшінің аты-жөні,фамилиясы көрсетіледі(қаріп Times New Roman, үлкендігі 14, ара қашықтығы 1,5, нұсқа Word 97-2003, 2007)  
          Жұмыс 2013 жылдың 01 нен 08-ші қазанға дейін мына мекен жайда қабылданады: Алматы қаласы,Щепкин көшесі, 27. Тел. +7 (727)309-66-44, 309-75-99.
          Байқау жұмыстары 2013жылдың қазан айының 15 нен 20 дейін Жас натуралистер станциясындағы көрмеге шығарылады.


«Алматының күзгі бояуы»
  Жас гүлмен безендендірушілердің байқауы
2013 жылдың 16 қазанда. сағ.10-00-да.

     Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті: оқушылардың шығармашылық қызметін белсендендіру және өскелең ұрпаққа эстетикалық және экологиялық білім беретін білім беру мекемелерінің рөлін көтеру болып табылады.
        Байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан, орта білім беру мектептерінің 7-10 сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға әр ұйымнан бір педагогтың басқаруымен екі адамнан кем емес оқушылар қатысуға жіберіледі.
       Байқаудың бағдарламасында үйге берген тапсырма ескеріледі және композициялар қазылар алқасының алдында жасалады. 
      Үй тапсырмасындағы композицияның тақырыбы «Алматының күзгі бояуы», жергілікті жердегі табиғи-өсімдіктердің материалынан орындалады.
Ұзындығы 40 см, биіктігі - 80 см аспауы керек. Мүмкіндігінше  инертті материалды да ( 10% дейін) қосуға болады.
    Байқаулық композиция байқау ұйымдастырушыларының берген  табиғи өсiмдiк материалынан да орындайды. Жұмыс аяғында байқауға қатысушылар орындаған композицияларға сәйкес атауы беріледі.
       Байқау 2013жылдың 16 қазанында  сағ. 10-00да жас натуралистер станциясында басталады.
      Қатысу өтінішін осы жылдың  қазан айының 6 -на дейін мына мекен-жайда қабылданады: Алматы қаласы,Щепкин көшесі, 27. Тел. +7 (727)309-66-44, 309-75-99.
Өтініштің пішіні:
Қатысушының аты,тегі
Мекеменің атауы,мектеп,сынып
Жетекшінің аты,тегі
Жетекшінің және қатысушының байланыс телефоны
 
   
«Зерделейміз, зерттейміз, жасаймыз!»
«Жасыл аралдар» бағдарламасы бойынша жобалар байқауы
2013 жылдың 17-ші қазанында. сағат 10-00 да.
      «Жасыл аралдар» қалалық экомарафонды өткізу мақсаты оқушыларды практикаға бағдарланған іс-әрекетке қамту  арқылы қаланың бақтары мен саябақтарына, жасыл желектеріне ұқыпты қарауға және жауапкершілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау болып табылады.
         «Жасыл аралдар» қалалық экомарафонға қатысушылары экологиялық бірлестіктегі барлық түрдегі білім беру мекемелері
– жалпы білім беру мектептері, лицейлер,гимназиялар, қаланың барлық аудандарындағы қосымша білім беру мекемелерінің орта және жоғарғы буындағы мектеп  оқушылары болып табылады.
    Байқау жұмысына қойылатын талаптар
·                    Сыртқы парақ
·                    Жасыл массивтің физика-географиялық сипаттамасы;
·                    Зерттеу жұмысының нәтижесі ( таңдаған обьекті бойынша қысқаша тарихи анықтама,оның экологиялық күйін сипаттау, флорасы мен фаунасына сипаттама);
·                    Практикаға бағдарланған жұмыстың нәтижесі ( нақтылы шаралар, жұмыс обьектісі, фотоесеп, атқарылған жұмыстың өзектілігін дәйектеу);
·                    Сауалнамалаудың нәтижесі ( сауалнаманың үлгісі, сауалнамалаудың қорытындысы бойынша кесте және диаграмма,қортынды,фотоесеп);
·                    Жоба жұмысның нәтижелері.
     ( Пішін А-4, қаріп Times New Roman,үлкендігі 14,ара қашықтығы1,5, нұсқа Word 97-2003, 2007)
Жобаны қорғау осы жылдың қазанның 17-де сағат 10-00 да Жас натуралистер станциясында өткізіледі.
Қатысу өтінішін осы жылдың  қазан айының 10- на дейін мына мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы,Щепкин көшесі, 27. Тел. +7 (727) 309-75-99.
 
 
«Юннат 2013»
ойын-фестиваль
Қазанның 18-і күні, 14 сағ.30 мин.
      «Юннат - 2013» қалалық экологиялық фестивалі осы жылдың сағат14.30.Жас натуралистер станциясының базасында өткізіледі.
     Ойын фестивальіне қатысу үшін әр ауданнан мұғалімнің бақылауымен 6-7сыныптың 10 оқушыдан тұратын командасы жіберіледі.
     Ойын фестивальінің бағдарламасына келесі кезеңдер кіреді: топты таныстыру (үй тапсырмасы), экологиялық бiлiмдарлығы мен биоценоздар туралы бiлiмi жөніндегі байқаулық тапсырмалар, табиғатта жүру ережелері, 
туристік дағдылар.
     Топтар тиісiнше жабдықталған болуы керек (жарқыраған киім,атрибутка және т.б.)
    Топтармен таныстыру уақыты– 1-2 мин.,байқау тапсырмасын орындау уақыты- 5 минутқа дейін беріледі.
    Ойын фестивальі аяқталысымен барлық байқаудың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады.
Просмотров: 1341 | Добавил: metodist | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |