2018 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін қалалық «Көктем көркі - қызылғақ» фестивалі өтті. Фестивальдің басты тақырыбы - «Президент Назарбаев» атты қызғалдақ гүлінің жаңа түрімен таныстыру.
Фестиваль қонақтары үшін: мерекелік концерт, кәсіби және балалар топтарының қойылымдары; «Көктем ғажайыбы» («Весенняя фантазия») гүлмен безендірушілер байқауы, «Көктемің нәзік гүлдері» («Весны нежнейшие цветы» костюмдер байқауы, «Кызғалдақ шеруі» («Парад тюльпанов») пленэр, «Мың бір кызғалдақ» («Тысяча и один тюльпан») шеберлік-класы, «Көктемнің алуан түрлері» («Весеннее разноцветье») балалар арасында асфальтта суреттер салу байқауы, мәнерлеп оқу, балалармен белсенді ойындар, тауарлар мен өнімдердің эко-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Гүлмен безендірушілердің «Көктемгі қиял» балалар байқауына -11 орта мектептерден және 3 қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарынан 30- ға жуық 7-10 сынып оқушылары қатысты. Композиция қазылар алқасының қатысуымен 60 минуттың ішінде жасалады. Жұмыстың түрі - тірі өсімдік материалынан жасалынған (гүлдер, бұтақтар, шөптер, мүк, ағаш бұтақтары, тастар және т.б.) оазисте (көгалда) табиғат көрнісін бейнелейтін композиция.
I орын – Хон Эмилия – №27Г
II орын – Решетникова Алина, Юльчиева Ева, №48МЛ
III орын- Аршидинова Гульвира, Нуртаева Лина, ЖНС
5 номинация
«Көктемің нәзік гүлдері»костюмдер байқауы
I орын –Алексина Дарья-№1 ОҮ, Волков Данил –№48МЛ, Жанатай Әдемі-№198МГ
II орын - Матакова Карина-№6ОҮ,Жамалова Аделина-ЖНС, Тусупбаева Айкерим-ЖББМ №198
III орын- Мұхамбетжан Кәусар- ЖББМ 198, Шоныкбек Нурила-№4ОҮ, Норова Ангелина-№71МЛ.
15 номинация.
«Қырдың қызыл қызғалдағы» мәнерлеп оқу байқауында 90-ға жуық бала қатысты, оның ішінде 30 бала - Жас натуралистер станциясының тәрбиеленушілері . Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.
Мұның бәрі, Қазақстанның жері қызғалдақтың отаны болып табылатынын бізге тағы бір рет еске түсіру үшін жасалып отыр.Орта Азия мен Қазақстан үшін эндемикалық болып табылатын көптеген мәдени сорттардың арғы тегі Грейг қызғалдағы Түркиядан Голландияға дәл осы біздің жерімізден барған. Ол барлық жабайы өскен қызғалдақтардың ішіндегі ең әдемі түрі болып саналады. Қазақстан жабайы өскен қызғалдақтардың алуантүрлілік түрлерін сақтауда әлемнің барлық елдерінің арасында лайықты орын алады. Әлемде 110-ға жуық түрі бар. Біздің еліміздің жазықтарында 39 түрі өседі, 12 түрі эндемикалық болып табылады, 18-түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Фестивальге келушілер үшін Жас натуралистер станциясының педагогтары шеберлік-кластар өткізді.
Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
ты қаласы Медеу ауданының әкімшілігі және Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Білім Басқармасы МҚКМ Жас натуралистер станциясы өткізді
Фестивальдің демеушісі: «Грин Ланд» ЖШС компаниясы |