«Дені саудың – жаны сау» атты мақал тегін айтылмаса керек. Әрбір азамат
дені сау болу үшін дене белсенділігін қарқындату, зиянды әдеттерден бас тартуы
және дұрыс тамақтануы керек. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, толық ақпараттандыруды қалыптастыру мақсатында Жас
натуралистер станциясының «Экология және адам денсаулығы» бөлімінің қосымша
білім беру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Химия адам өмірінде», «Денсаулық
әліппесі» үйірме оқушылары Қазақ ұлттық медициналық университетіндегі «Адам
ішкі ағзалары және қаңқасы» мұражайына бардық. Мұражайда біздің топты
Университеттің аға оқытушысы, доцент, Шакенов Бауыржан Шакенұлы күтіп алды.
Бауыржан Шакенұлы оқушыларға экспонаттардың қайдан алынғаны, қалай жасалуы,
қалай сақталуы туралы қысқаша мәлімет берді. Әсіресе, ішкі ағзаларды өз қолымен
көрсетіп, тіпті балаларда қызығып ұстап көрді. Дұрыс тамақтану жөнінде
ұсыныстар айтты.
Балалар өз көздерімен темекі
шегетін өкпе мен шекпейтін өкпені көріп салыстыра қарады. Темекнің зияны туралы
акпарат берілді.
Және нашақорлықтын нәтижесінен
болатын аурулардан тұратын ылғалды экспонаттарды көріп қамығып қалды.
Оқушыларға Университет
мұражайы қатты ұнады, Бауыржан
Шакенұлына, мұражайға келуді ұйымдастырған Жас натуралистер станциясының
қосымша білім беру мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп жатты.
Сонымен, балалар дене тәрбиесімен
айналысу керектігін ұйғарып, «Есірткілерден, темекі мен спирттік сусындарадан
бас тартамыз!» деп ұрандады.
|