Воскресенье, 19.Ноя.2017, 04:13Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Категории раздела

Наши публикации [14]
Сценарий праздника [0]
Сценарии юннатских праздников, пока не опубликованы

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 62
Форум: 133/612
Фотографии: 707
Новости: 327
Закачки: 2
Публикации: 70
Ссылки: 2
Гостевая книга: 135
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Каталог статей
Главная » Статьи » Наши публикации » Наши публикации

«Жас аквариумисттер» үйірмесі

«Жас аквариумисттер» үйірмесі

" Жас аквариумистер " үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру мұғалімі,

Жумабай Пернегүл

Жас натуралистер станциясы, Алматы қаласы

Жалпы, қазірігі таңда еліміз тәуелсіздік алып, дербес елге айналғалы бері, өз еліміз, өз жеріміз, өз табиғатымыз деп айтуға толықтай негізіміз бар. Себебі, өз табиғатын қорғау, оны аялау елім деп еміренген әрбір азаматтармен, жаңадан өмірге құлшыныстары оянып, енді ғана оңы мен солын ажыратып, еркелеп, еліктеп өсіп келе жатқан жас жеткіншек- бүлдіршіндеріміз үшін, өз үлестерін қосуға таптырмайтын мүмкіндіктердің бірі, ол Жетісу баурайында, әсем қаламыз Алматының төрінде орналасқан «Жас натуралистер станциясы» болып табылады.

1937 жылы М.Д Зверевтің бастамасымен Алматы хайуанаттар бағы жанынан құрылған  «Жас натуралистер үйірмесі», қазіргі таңда 80 жылға жуық тарихы бар, елімізге танымал «Жас натуралистер станциясы» деген атпен үлкен мемлекеттік мекемеге айналған.

Бұл жас натуралистер ұғымы, жас зерттеушілер және жас табиғат сүюшілер деген мағынаны білдіреді.

Осынау, сан жылдық тарихы бар «Жас натуралистер станциясында» көптеген бөлімдер, соның ішінде әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды.

Сондай үйірмелердің бірі, Зоология бөліміне қарасты, "Жас аквариумисттер" үйірмесі болып табылады. Үйірме бағдарламасы негізінен 4-7 сынып аралығындағы мектеп оқушыларына арналған.Бағдарлама үйірменің атауына сай, яғни аквариум әлемімен тығыз байланысты. Оқушылар негізінен үйірмеге сабақтан тыс уақыттарында келіп қатысып, бос уақыттарын мағыналы әрі қызықты өткізе алады.

Аквариум дегенде, ең бірінші көз алдымызға қызыл-сары түстес, үлкенді-кішілі балықтар елестейтіні рас. "Жас аквариумисттер" үйірмесіндегі жас табиғат зерттеушілеріміз, аквариум әлемінің сырға толған құпияларын ашуға, мұнда аквариумды қалай орналастыру керек, қандай заттармен безендіру керек дегенді қарастыратын боламыз. Мұнда тіршілік ететін әртүрлі балықтардың қимыл-қозғалысына, олардың күнделікті жейтін қоректік қорын, күніне неше мәрте қоректендіру керек дегенді толықтай зерттеп, басқа да қорек түрлерін, соның ішінде жас шабақтарға берілетін инфузория, ересек балықтарға берілетін ұн құрттарын т.б қорек түрлерін өсіріпазық ретінде беріп отырамыз.

Мұнда оқушылар негізінен үйірме дәрістеріне келіп қатысып қана қоймай, бағдарлама барысында жасалған түрлі зертханалық жұмыстарға, тәжірибелерге, үйірме ішілік жарыстарға, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарына белсене ат салысады.

1-сурет. Үйірме сабағы.

Үйірме барысында оқушылардың тоқсан аралық демалыстарын тиімді етіп барынша қызықты ұйымдастыруға тырысамыз. Сонымен қоса қаламыздағы ерекше қорғалатын аймақтарға,  соның ішінде, Қызыл кітапқа тіркелген жыртқыш құстарды қорғау орталығы "Сұңқар" тәлімсаябағына, Алматы хайуанаттар бағына, Тұңғыш  президент саябақтарына, сонымен қатар ҚазҰУниверситетінің "Биология" мұражайына, экскурсия жасап отырамыз.  

Мұнда, біздің жас зерттеушілеріміз тек қоршаған ортаны, табиғатпен су асты әлемін ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар өздерінің шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына жәнеде станцияішілік түрлі шараларға (құстар күні, мысықтар күні т.б), мезгіл сайын ұйымдастырылатын экофест ойындарға және қалалық деңгейде жоғары

2-сурет. "Сұңқар" тәлімсаябағы.

3-сурет. 1- сәуір Халықаралық құстар күні.

сыныптар арасында өтетін "Ғылымға алғашқы қадам" атты ғылыми жоба байқауларына Курмангалиева Мерей және Аманжолова Индира атты жас табиғат зерттеушілеріміз қатысып ІІІ орыннан көрінген болса, ал бастауыш сыныптар арасындағы "Экоша" атты ғылыми-зерттеу жұмыстарында Тұржан Ақзере жоғары дәрежелі дипломдармен марапатталды.

4-сурет. ҚазҰУниверситетінің "Биология" мұражайы.

Сонымен қатар "Біздің үйдің флорасы мен фаунасы"атты рефератық жұмыстарға белсене қатысып жоғарғы орындардан көрінулеріне, оған қоса "Экотеатр" сахнасында өздерін өнердің тағы бір қырынан танытуларына, шығармашылықтарының одан әрі қалыптасуында зор мүмкіндіктерге ие екені қарастырылған.Мұндай станция ішілік және қалалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан барлық шараларға белсенді түрде ат салысып, өздерін жоғары деңгейде көрсете алатын жас зерттеушілеріміз мұнымен ғана шектеліп қалмай, еліміздегі ең танымал деген демалыс орындарына, яғни  Сарыағаш шипажайына, Көкшенің баурында орналасқан "Балдәурен" суықтыру лагеріне жолдамалар ұтып алуына мүмкіндіктер қарастырылған.

"Жас аквариумисттер" үйірмесіне қатысып, өз уақыттарын тиімді пайдаланып жүрген, өзіміз өмір сүріп жатқан әлемді, қоршаған ортаны танып-біліп жүрген, біздің зерттеушілерімізбен жас табиғат  сүюшілеріміздің арманы асқақ, алар асулары айқын болсын дегім келеді. 

Категория: Наши публикации | Добавил: metodist (08.Фев.2017) | Автор: ЖУМАБАЙ ПЕРНАГУЛ
Просмотров: 291 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2017 |