Понедельник, 20.Май.2024, 03:39Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Сентябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2015 » Сентябрь » 29 » Жетісудың таңғажайып жануары-Жайра
Жетісудың таңғажайып жануары-Жайра
09:39

1. Жалпы ережелер

1. «Жетісудың таңғажайып жануары-Жайра» Қалалық балалар сурет байқауы Алматы қаласы Білім Басқармасы, Жас натуралистер станциясында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты – балаларды Қазақстандағы  сирек кездесетін жануарларға деген  танымдық қызығушылығын, олардың  шығармашылық қабілетін  дамытуды және табиғатқа қамқорлықпен қарауын тәрбиелеу. 

Жайра (Hystrіcіdae) – немесе Үнді жайрасы (Hystrix indica) - Қазақстан фаунасындағы осы тектің жалғыз түрі.Өте сирек кездеседі, дегенмен Қазақстанда бұл жануардың нақты саны туралы деректер жоқтың қасы. Қазақстанда Талас және Қырғыз Алатауында, Қаратауда, Шу-Іле тауында, Оңтүстік Маңғыстауда (Ақтау тауында) мекендейді. Қазіргі кезде Іле Алатауында бұл жануардың мекен ететін жері тек, Алматының батыс жағында нақтырақ Ақсай, Қырғауылды, Қожай, Қаскелең өзендерінің аңғарларында кездесетіні белгілі болды. Бір жерде ғана тіршілік ететін аң. Ін қазады. Тасты учаскілердегі қуыстарды, саңлауларды уақытша баспана ретінде пайдаланады. Тіршілігі т.нде өтеді. Өсімдіктектес азықпен қоректенеді, оның ішінде жер асты бөлімдерін (тамыр, сабақ, тамыр түйнек), жемістер мен тұқымдарды сүйсіне жейді. Жайралар көктемде көбейеді, 3-5 ұрпақ туады. Қыста ұйқыға жатпайды, бірақ белсенділігі азаяды.

2.Өткізілу орны және мерзімі.

3. Қалалық балалар сурет байқауы 2015 жылы 25- ші қыркүйектен 15- қазан аралығында Алматы қаласы Жас натуралистер станциясында өткізіледі. Сурет байқауына қатысу туралы өтініш және ұйымдастыру төлем ақысы - көлемі 500 тенге 2015 жылдың 15-ші қазанға дейін байқауды ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайында қабылданады: Алматы қаласы, Щепкин көшесі, 27 үй, әдіскерлер бөлімі, ЖНС бухгалтериясы. Байқаудың қортындысын 22- ші қазан күні сағат 10- да Жас натуралистер станциясында өтетін «Біз жануарлардың, жануарлар біздің досымыз...», атты қалалық мерекеде жарияланады.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының

Аты-жөні

Туған жылы, жасы

Мектеп,

сыныбы

Жұмыстың тақырыбы

Жұмыстың жетекшісі,лауазымы, жұмыс орны

Байланыс

телефоны

 

3. Байқауға қатысушылар

4. Байқауға қатысуға Алматы және Алматы облысында тұратын 7 - 16 жас аралығындағы мектеп оқушылары, көркемөнер студияларының тәрбиеленушілері және мектептен тыс мекемелердің оқушылары қабылданады.

5. Жеңімпаздарды әділқазылар үш жас аралықтары бойынша анықтайды:

7-9 жас, 10-13 жас, 14-16 жас.

 

4. Қатысу жағдайы және өткізу тәртібі

6. Байқауға  жұмыстар үш критерии бойынша қабылданады. 

  • Декоративті шешім
  • Композициялық шешім
  • Графикалық шешім

«Суреттер» кескіндеменің  гуашь, пастель тағы басқа техникалармен орындалған және паспарту болуы тиіс. Жұмыс өлшемі - ф. А-3. Жұмыстың этикеткасы 5x7см Times New Roman, кегіл 12 әріпімен, баланың аты-жөні, жасы, такырыбы, мекеме, жетекшінің аты-жөні жазылады. Әр  автордан 1 жұмыс қабылданады. Әр мекемеден 3 жұмыстан кем болмауы және сураныс парағы болуы тиіс.  Суретте  жануарды өзінің  табиғи тіршілік ортасында  бейнеленуі керек. Берілген талаптарға сай емес жұмыстар қабылданбайды.

 

Қатысушылар өтініш пен жұмыстарын байқауды Ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жібереді:

Алматы қаласы, Жас натуралистер станциясы.

Щепкин көшесі, 27 үй, Анықтама телефоны: 309-75-99 (әдіскерлер бөлімі);

e-mail: naturalist2011@mail.ru

Просмотров: 1048 | Добавил: metodist | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |