Понедельник, 20.Май.2024, 04:44Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Сентябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2015 » Сентябрь » 9 » «Сүйем сені Алматы!»
«Сүйем сені Алматы!»
10:01

1. Жалпы ережелері

1.«Сүйем сені Алматы!» атты гүлмен безендендірушілердің Қалалық балалар байқауын өткізу ережесі оның өткізу тәртібін, міндетін және мақсатын анықтайды.

2. Байқаудың негізгі міндеті мен мақсаты: өскелең ұрпаққа эстетикалық және экологиялық тәрбие беру, мұғалімдерің шығармашылық белсенділігін арттыру.

3.Гүлмен безендендірушілердің Қалалық балалар байқауы Алматы қалалық  Білім беру Басқармасы  Жас натуралистер станциясы мен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасымен өткізіледі.

2.Өткізілу орны және мерзімі.

4. Гүлмен безендендірушілердің Қалалық балалар байқауы 2015жылы 30 қыркүйекте  сағат 10- да Алматы қаласы Жас натуралистер станциясында өткізіледі.

5.Байқауға қатысу туралы өтініші және ұйымдастыру төлем ақысы   - көлемі 500 тенге 2015 жылдың 21-ші қыркүйегіне дейін байқауды ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайында қабылданады: Алматы қаласы, Щепкин көшесі, 27 үй, әдіскерлер бөлімі, ЖНС бухгалтериясы;

Өтініш үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Ұйымның атауы, мектеп, сынып

Жетекшінің аты-жөні

Жетекшінің және қатысушының байланыс телефоны

 

3.Байқауға қатысушылар

6. Байқауға қатысуға қосымша білім беру ұйымдарынан және жалпы орта білім беру мектептерінен 7-10 сынып оқушылары қабылданады.

7.  Байқауға әр ұйымнан  2 адамнан және жетекші ретінде бір мұғалім қатысуға болады.

 

 

4.Байқауды өткізу тәртібі

8. Байқаушылар қазылар алқасының қатысуымен композицияны 1 сағат ішінде орындайды.

9. Әрбір қатысушыға жұмыс жасау үшін бір үстел беріледі. Қатысушының жұмысы  өз материалымен орындалады. Тапсырманы орындау үшін байқауға қатысушының қажетті жеке құрал-жабдықтары  болуы керек.

10. Байқауға қатысушылар тапсырманы орындауды тек байқау уақытының басталуы жөнінде белгі  берілгеннен кейін жұмысты бастайды және уақыт аяқталған соң жұмыс жасауды тоқтатады.

11. Байқау жұмысының эстетикалық түрін, қатысушы, байқау жұмысының соңына дейін бұзбай сақтап тұруы керек. Жоғарыдағы аталған кезкелген талаптардың бұзылуы, жұмысты бағалау кезінде ұпайларын кемітуге негіз бола алады.

5. Жұмысқа қойылатын талаптар

12. «Абай әуендері» атты байқау композициясы тірі өсімдіктердің материалынан жасалынады. Композицияның биіктігі 90см -ден  кем болмауы керек.

13. Инерттік материалды 15% - дейін пайдалануға рұқсат етіледі.

14. Техниканы еркін таңдап алады.

6.Байқау жұмысын бағалау және марапаттау.

15. Байқаудың қазылар алқасының құрамын Білім беру Басқармасы бекітеді.

16. Байқау жұмыстары мына критерилермен бағаланады: идеясы, түсі, композициясы және техникасы

17. Байқаудың жеңімпаздарын Білім беру Басқармасы, Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының дипломымен және естелік жүлделермен марапаттайды.

Байқауға қатысушылар үшін - 15,17 қыркүйек күні сағат 10-16 дейін мына мекен-жайда кеңес беріледі: Алматы қаласы,Жас натуралистер станциясы, Щепкин көшесі, 27 үй; Анықтама телефоны 309-75-99 (әдіскерлер бөлімі): e-mail: naturalist2011@mail.ru

Просмотров: 924 | Добавил: metodist | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |