Воскресенье, 05.Май.2024, 08:16Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2014 » Апрель » 10 » Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетіндегі мұражайы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетіндегі мұражайы
08:29

Жас натуралистер станциясының "Бізді қоршаған химия әлемі" үйірмесінің 8-сынып оқушылармен Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің мұражайына 31 наурыз күні бардық.

Мұражайда оқушылар  биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып, қазіргі мұражай 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерей той қарасаңында ашылғанын білді.

Қазақстан табиғатының биоалуантүрлілігі туралы бөлім

Бұл бөлім бойынша мұражайдың екі көрме залы қамтылған. Залда Қазақстанның табиғат зоналары, зоогеографиясы, биоценоздардың өзгеруі диорамалармен, карта, сызба және тізбемен берілген.

Мұражай залында Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілердің 6 отрядының 17 тұқымдасының түрлері қойылған, жалпы саны 92. Құстардың 15 отрядының 41 тұқымдасының 127 түрі қойылған, жалпы саны – 261. Осылардың арасында Халықаралық (МСОП) және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеліп қорғауға алынған түрлері де бар екен. Сонымен бірге залда экзотикалық аңдар мен құстардың және бауырымен жорғалаушылардың тұлыптары да қойылған.

Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциялық дамуы туралы бөлім

Бұл бөлімде құрлықтардың қалай пайда болғаны және ол жерде тіршіліктің қалай дамығанының, сонымен бірге олардың даму ұзақтығы кестелерде сызба түрінде көрсетілген. Өсімдіктер мен жануарлардың геохронологиялық тізбесі берілген. Сонымен қатар адамның қалай, қанша уақытта пайда болғаны туралы үлкен паннода мәлімет берілген.

Табиғатты қорғау бөлімі

Бұл бөлімнің екі қабырғасында адамдардың іс әрекетіне байланысты жер бетінен жойылып кеткен жануарлар мен жойылуға жақын өсімдіктердің суреттері және олар туралы деректер берілген.

“Жануарлар әлемінің жүйесі”

Осы “Жануарлар дүниесінің жүйесінде” дүние жүзінде кездесетін жануарлардың: Омырытқасыздардың 9 класы мен 14 отрядтары; Омырытқалы жануарлардың 9 класының 86 отрядтарының  711 түрінің жалпы саны 765 дана жануарлардың тұлыптары, формалин мен спирттегі материалдары, бас сүйектері мен суреттері қойылған.

Жалпы оқушыларға рухани-адамгершілік, танымдық тәрбие бере отырып, табиғатты аялауға, қызыл кітапқа енген жануарларды өлтіруге болмайтындығын үйретті. Мұражайдан оқушылар өздеріне қажетті мәлметтер алды, яғни биология, геграфия, тарих сабақтарынан білімдерін жетілдірді.

 




 

Просмотров: 1632 | Добавил: metodist | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |