«Ерлігі елге аңыз болған Панфиловшылар!»
16 қарашада Жас натуралистер станциясының табиғат сүюшілері
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына экскурсияға келді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен қатар осындай 75 жылдық мерей тойлар өскелең ұрпақты патриотты бойына сіңіртіп тәрбиелендіреді. Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік –жігіттің қасиеті деп батыр Бауыржан момышұлы атамыз айтқандай болашақ ұрпағымыз бабаларымыздың ерлігін бойына сіңдіріп тәрбиеленсе, қанша жыл өтседе олардың ерліктері ешқашан өлмейді және ұмытылмайды!
Дәл осы күні 1941 жылы 16 қарашада 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316 – атқыштар дивизизясы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап,жаудың ұрысына төтеп берді. 28 Панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады. Панфиловшылардың ерлігіне міне биыл 75 жыл толды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан біздің табиғат сүюшілеріміз ұстаздарымен бірге мәңгі алауға гүл шоқтарын қойды. Мұнда Ауған соғысының ардагерлері, Кеңес одағының генерал майорлары ат салысып, Құрлық әскерлерінің әскери инситутының курсанттары,Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары, Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп –интернатының әскери тәрбиеленушілері жәнемамандандырылған «Арыстан» лицейінің әскери тәрбиеленушілері қатысты. Курсанттар сапқа тік тұрып, Панфиловшыларға арналған әнді орындады.
|