«АЙНАЛАҢ ТОЛЫ ӘСЕМДІК»
24 сәуір күні сағат 15.00 де Жас натуралистер станциясында «Айналаң толы әсемдік» атты қоқыс заттардан жасалған киім сән үлгідегі байқау болып өтті. Бұл байқауға станцияның барлық үйірмелерінің оқушылары қатысты. Керек емес қоқыс заттардан мысалы: газет – журнал, диск, полиэтилен пакеттері, бутылкалар тағы басқада көптеген заттардан жасалған киім сән үлгілері көрсетілді. Әр қатысқан оқушы өзі жасағап шығарған сән үлгідегі киімін киіп таныстырды. Қоқыстан жасалған киімдер бір – біріне ұқсамайтын, ерекше, әдемі және сәнді болып шықты. Байқауға жақсы дайындықпен келген бөлімдердің оқушылары соның ішінде: «Қиял – ғажайып және табиғат», «Гүлдер әлемі», «Экология», «Экология және адам денсаулығы», «Жануарлар әлемі» бөлімдері әр номинация бойынша тиісті жүлделі орындармен марапатталды. Әділқазылар оқушылардың өте жоғары дайындықпен келгендеріне ризашылықтарын білдірді. Осы байқау жыл сайын үлгі ретінде Жас натуралистер станцияда өткізілетін мерекеге айналды!
|