Вторник, 21.Ноя.2017, 20:46Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Март 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 62
Форум: 133/612
Фотографии: 707
Новости: 327
Закачки: 2
Публикации: 70
Ссылки: 2
Гостевая книга: 135
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2017 » Март » 9 » Ақ аю
Ақ аю
16:14

Жылсайын 27-ші ақпан күні әлемде яғни, PBI ұжымыныңбастамасымен қолдау тапқан (International Polar Bear Day) Халықаралық полярлық аюлар күні немесе Ақ аю күніаталып өтеді. Бұл күнді ерекше атап өтілудегі негізгі мақсат ақ аю туралы ақпарат тарату және оны қорғау жөнінде көпшілік қоғамның назарын аудару болып табылады. Осыған орай,демалыс күні Алматы қалалық Жас натуралистер станциясыжәне Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері бірігіп ақ аю күнін атап өтті. Хайуанаттар бағының қызметкерлері мерекеге келген жас натуралистерге ақ аюлардың тіршілігі туралы қызықты қылып әңгімелеп берді. Ақ аюлардың бүгінгі таңда санының күрт азайып бара жатқаны және келешек ұрпақ үшін оны сақтап қалу басты міндет екені де айтылып өтті.Халықаралық табиғатты қорғау Одағының мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде ақ аюлардың 20-25 мыңдай дарақ қалған. АҚШ–тың Геологиялық қызметтерінің пайымдауынша, егер ешқандай шара қолданбаса ауа райының өзгеруінен және мұздың еруінен 2050-ші жылға қарай ақ аюлардың тек қана үштен екісі ғана қалады екен. Жас натуралистерге әртүрлі викториналық сұрақтар қойылды, ақ аю туралы тақпақ айтылды. Ерекше көзге түскендерге ақ аюдың атынан әртүрлі сыйлықтар табыс етілді. Мерекенің соңында,жас натуралистер ақ аюды тамақтандырудың куәсі болды. Оның қандай тамақты сүйіп жейтінін көрді. Жас натуралистер станциясының үйірмешілері үшін мереке ары қарай жалғасты. Үйірмешілер ақ аюға арнап жеделхат жазды, суретін салды, эссэ жазылды және Жас натуралистер станциясында көрме ұйымдастырылды.

Просмотров: 52 | Добавил: metodist | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2017 |