«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған
«Болашақтың энергиясы» атты Қалалық экологиялық білім марафонын өткізу
Ережесі
1.Жалпы ереже
- Білім экомарафонының негзгі мақсаты мен міндеті:
- оқушылардың назарын энергияүнемдеу мәселесіне араластыру
- Жер ғаламшар – ортақ үйдің тағдыры үшін жауапкершілікке, табиғатқа көңіл бөлуге белсенді адамгершілік ұстанымын қалыптастыру
- экологиялық сана-сезімдегі шығармашылық тұлға қалыптастыру
1.2.Қалалық экологиялық білім марафоны Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының қолдауымен Жас натуралистер станциясында өткізіледі.
2. Өткізілу орны және уақыты
2.1. Қалалық экологиялық білім марафоны Алматы қаласы Жас натуралистер станциясында қазақ тілінде оқитын мектептер үшін 20.01.2016 жылы, орыс тілінде оқитын мектептер үшін 21.01.2016 жылы өткізіледі. Марафонның басталуы сағ.10-00 де.
2.2. Марафонға қатысу үшін мектеп топтары өтініштерін 12 қаңтар 2016 жылға дейін Ұйымдастыру комитетіне мына мекен – жайға жібереді Алматы қаласы,Щепкин көшесі, 27; әдіскерлер бөлімі, тел: 309-75-99; факс 309-66-44, e-mail: naturalist2011@mail.ru