| Среда, 22.Май.2013, 00:05 | Главная | Регистрация | Вход |
Станция юных натуралистов города Алматы | |
Меню сайтаФорма входаПоиск по СайтуПоиск на яндексеОблако теговСчетчик материаловКоментарии: 68 Форум: 134/615 Фотографии: 638 Новости: 200 Публикации: 60 Директории: 9 Ссылки: 140 Гостевая книга: 139 Тесты: 14 Друзья сайта |
![]() Экология и здоровье человека
«Экология және адам денсаулығы» бөлімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Біздің бөлім Экология және адам денсаулығы болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру , сол салады білімдерін жетіктіру - біздің міндетіміз. Біздің бөлімдегі төмендегідей үйірмелерге шақырамыз! ![]() Қосымша білім беру мұғалімі:
Жорабаева Динара Жумадилаевна
«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз – химия ғажайыптары» - деп ұлы ғалым А.М.Ломоносов айтқандай бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты. Химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылатындықтан «Химия адам өмірінде» үйірмесінің оқушыларға берері мен үйретері мол. «Химия – адам өмірінде» үйірмесі зерттеушілік бағыт алады, сондықтан оқушылардың білімдерін іс-жүзінде қолданудың маңызды әдістерімен таныстыруды және оқушылардың қазіргі заман техник асына, өндіріске деген қызығуын дамытуды
көздейтін, экологиялық білім беретін қолданбалы курстарға жатады.
Үйірме 7-10 сыныптарға арналған. Үйірмеге қатысушылар
химиялық ыдыстар және зертханалық құралдармен танысып, олармен қалай жұмыс
істеу керектігін үйренеді. Химияның адам өміріндегі маңызы мен орнын түсінетін «Химия
– эксперименталды ғылым», «Химия және табиғат», «Химиялық элементтер – адам
ағзасында», «Химия – тұрмыста», «Химия-өнеркәсіпте», «Химия – өсімдіктер
әлемінде. Агрохимия негіздері» тарауларынан тұратын дәріс сабақтар және
сарамандық жұмыстар мен зертханалық жұмыстарын жүргізеді.
![]() «Адам экологиясы» үйірмесі. Қосымша білім беру мұғалімі: Салимбаева Нургул Тынышбековна Адам экологиясы үйірмесінің негізгі мақсаты қоршаған ортамен денсаулықтың байланысы мен маңызын оқушыларға түсіндіру болып табылады. Адам денсаулығының қаншалықты экологияға тәуелді екенін үйрететін дәріс сабақтар мен сарамандық жұмыстар жасайды. Оқушылар қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі зерттейді. ![]() «Қала ортасының экологиясы» үйірмесі. Қосымша білім беру
мұғалімі: Масимгазиева Айгерим
Сайлаубаевна
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына
қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті
қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы,
электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың
химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі,
гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс
тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен
таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. ![]() Үйірме мақсаты: - Қала ортасында экологиялық тұрақтылықпен экологиялық сапаны сақтау бағытында, қала ортасының және адамдардың іс-әрекетінің экологиялық ерекшелігі туралы білім беру; - Оқушы өз қаласында мониторинг жүргізуді, экологиялық ахуалдарды анықтауды, тәжірибелік шешімін табу немесе өз ұсынысын ұсынуды үйрету; - Қала ортасының экологиялық сапаның тұрақтандырылуы мен сақтауды, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану туралы бағыт қалыптастыру; - Оқушы өз қаласының экологиялық ахуалдарын қабылдау және оның тәжірибелік шешімін табуда жеке интеллектуалды және психоэмоционалды қасиеттерін дамытып, қалыптастыру;
|
![]() | ![]() |
Copyright MyCorp © 2013 | ![]() |