Четверг, 28.Мар.2024, 18:23Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Категории раздела

Наши публикации [14]
Сценарий праздника [0]
Сценарии юннатских праздников, пока не опубликованы

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Каталог статей
Главная » Статьи » Наши публикации » Наши публикации

Жылқы жануарында қасиет бар...

Қазақ халқының жыл қайыру есебі – Шығыс күнтізбесіне сәйкес жасалған жұлдыз жорамалы бойынша, Жылқы жылы қаңтардың 31 күні екен. Қақаған қыс айының ортасында кіретін Жаңа жыл өзімен бірге талай сынақты ала келуі мүмкін, деседі жұлдызшылар. Шығыс жұлдызнамасында Жылқы деген атқа ие болған тарпаң мінез Жылқы жылы жұт болмайды деген тарихи сенім бар. Ал енді осы жылдың иесі туралы не білеміз екен?

Аңыз бойынша бір кездері адамдарда жылқы малы болмаған көрінеді. Байлар да, кедейлер де той- домалақ кезінде мүйіздері үкі қауырсындарымен безендірілген сиыр мен өгізге мініп жүреді екен. Егер мына бір жағдай болмағанда, кім білсін, өмір бойы солай жалғаса берер ме еді.

Бір күні жүк тасып, әбден жауыр болған байғыс сиыр сілесі құрып, тұрмастай болып жығылады. Сол кезде адамдар зәресі ұшып, Құдайдан сүт беріп асырап отырған сиырдың жазылып кетуін тілейді. Күн-түн демей Тәңірге жалбарынады. Күндердің күнінде , бәлкім періште тілектерін қабыл еткен болар, жазық дала күн шуғына шомылған сәтте қатты жел тұрады. Ол аспан мен жерді араластырып, құм төбелер үйіп, даланы ұзақ кезеді. Сол желден Алла тағаланың құдіретімен көздеріне мұң мен ақыл тұнған желаяқ жылқы пайда болған. Көпшілер үшін жылқы мінсе – көлік, ішсе – қымыз, сойса – тамақ болады. Тіпті жылқының терісін илеп киім де киетін. Қазақ туғаннан аттың құлағында ойнап өседі. Баланы екі- үш жасқа толысымен атқа отырғызып үйретеді. Содан бастап түздегі бар ғұмыр ат үстінде өтеді.

Ерлер секілді әйелдері де атқа шабуда алдына жан салмаған. Ал жаумен шайқасқанда қазақтардаң жүйрік атпен жұлдыздай ағып келіп, көздеген оғын дәл тигізіп, дұшпанаын жайратып салуы үйреншікті әдетке айналған нәрсе.

Ақын Ғафу Қайырбеков: «Жылқы –қазақ даласының екінші аты. Осынша даланы меңгеру үшін, осынша шалғайлықты қаусыру үшін тек аттың ғана жалы мен белі , тұяғындағы желі керек болды, бабаларға» деген екен. Расында да, сағымға шыланып, бұлдырап жатқан ұшы- қиыры жоқ сайын  даланың төсінде жүзіп өткен қазақтың тарихын жылқысыз еске алу мүмкін емес.

Қазақ батырлар жырында, ертегісінде жылқы екінші кейіпкер. Алпамыстың Байшұбары , Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қарақасқасы, Кендебайдың Керқұла аты мен Төлегеннің Бозжорғасы батырлардың басты тірегі болған. Сосын жыршылар мен ертегішілер ер қанатын қалқайған қара тастай етіп суреттеуге тырысқан. Бұл батырдың көркі атымен екенін аңғартады.

Сәбит Мұқанов: «Гректер жылқыны суреттей алған жоқ, ал қазақтың жылқыны суреттеуі – шын мәніндегі поэзия»- деген екен. Бұл бар ғұмыры, тірлігі, тіршілігі, ерлігі мен өрлігі жылқымен тікелей астасып жататын қазақ баласы ғана айта алатын пікір. Қазақтың күйі мен жырына арқау болған «Кербезер», «Қара жорға», «Бестай», «Боз жорға», «Тепеңкөк», «Топайкөк», Ақаңның «Құлагері» мен «Маңмангері», Біржанның «Телқоңыры», «Бурылтайы», Кененнің «Көкшолағы» мен Ерғалидың «Шайтанқарасы» осының тірі куәсі.

       Алуан- алуан жүйріктің ішінен төрт аяқты жануардың арасынан тұлпарды таңу, қазақтың өзінен басқа ешкімге берілмеген ерекше қасиеті. Жақсы аттың сынын Абай:

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды.

Ой желке,үңірейген болса сағақ...

-                     деп сипаттаған.

 Бие сүтінде қант өте көп болады. Жаңа сауылған саумалдан ұрттап көрген адам мұны бірден байқайды. Қымыздың майы дәмді, ақуызы жұғымды. Оның құрамында аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары тадамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғыздырады. Бие сүтінде суда және майда еритін С,Е,В(1),В(2),В(3) дәрумендері өте көп. Сондықтан , ол туберкулезге таптырмайтын ем. Қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіріп,  тәнді жаңғыртады. Ең ақыры, қымыз денедегі адам ағзасына керексіз, артық заттардың термен, зәрмен шығып кетуіне көмектеседі.

Мына бір қызық дерекке көңіл бөліңіз: қазақ тілінде жылқы сөзінің сексен түрлі синонимі бар екен. Арада қаншама ғасыр өтсе де бұл сөздің мән- мағынасы , қадір- қасиеті бір мысқыл төмендеген емес.


Категория: Наши публикации | Добавил: metodist (13.Янв.2014) | Автор: Кабылдинова Гаухар Тукеновна
Просмотров: 3163 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |