Пятница, 19.Апр.2024, 08:37Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Категории раздела

Наши публикации [14]
Сценарий праздника [0]
Сценарии юннатских праздников, пока не опубликованы

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Каталог статей
Главная » Статьи » Наши публикации » Наши публикации

Ағаштардың - анасы арша

Арша - кипарис тұқымына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаш немесе бұта. Қазақстанда оның   10-ға жуық түрі кездеседі. Биіктігі 1-3,5 метрге жетеді, тұқымы піскен кезде қаракөк түсті. Қылқандарының түсі, түріне қарай сары, ашық жасыл, қою жасыл, кара көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды батерияларды жойғыш және емдік қасиеттері бар.Аршаны тұқымынан және өсімді мүшелерінен көбейтеді. Сәуір айларында гүлдейді,тұқымы жаздың аяғында,кейде күзде піседі. Арша 300 жылдай өседі сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш болып саналады. Қасиетті болатыны – оған анау-мынау ауру-сырқау жоламайды. Сондықтан қазақ балаға бесікті арша ағашынан жасаған, бұндай бесікке қызамық, қара шешек, сияқты бәлелі аурулар дарымайды. Бір арша ағашының   шығарған оттегінің мөлшері 25-30 адамның тыныс алуына жетеді екен. Сонымен қатар 20-25 тонна шаң тозаңды залалсыздандырады және де көктемнен күзге дейін микробтарды жояды.

Ал енді аршаның бірнеше түріне тоқталып кетейік.

Сібір аршасы. Жай аршаға ұқсас болып келеді, таудың ең жоғары шыңында өседі. Екі үйлі, мәңгі жасыл өсімдік. Бұл қалың бұталы, аласа бойлы, жерде жайылып айналасын көгалдандырып өсетін ағаш. Инесі мен жидегі кәдімгі аршаға ұқсайды, суыққа өте төзімді, қалыптастыруға өте икемді. Осы қасиетін еске ала отырып көгалдандыруға пайдаланылады. Эрозияға қарсы отырғызады сонымен бірге парк пен скверге жеке-жеке бір талдан отырғызса, кейде оны жасыл қоршау ретінде қолданады.

Түркістан аршасы - таңқаларлық өте әдемі мәңгі жасыл ағаш тектес өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда,Орта Азияда өседі. Түркістан аршасы салқын ылғалды жерде және құрғақ, тасты күн көзі шызғырып тұрған жарларда да өсе береді. Бұл арша өзінің ұзақ өмір сүру қасиетімен таң қалдырады. Мың жыл жасаған аршалар кездеседі. Бұл аршаның жайылып өскен тамыры 2 куб метр ылғал жинап, су топыраққа баяу сіңуіне мүмкіндік жасайды.Сондықтан бұл арша өскен жерде. Ешбір  құрғақшылық жағдайда да булақтар мен өзендер суалмайды. Түркістан аршасы көптеген кұстар үшін мекен (кекілік, улар т.б) және оларға тамақтық қор болып табылады, себебі аршаның жемісі көктемге дейін ағашта сақталады.

Зеравшан аршасы. Шу - Іле тауларында,Қаратау,Қырғыз, Түркістан, Зеравшан жоталарында кездеседі Биіктігі 10-20 метрлік екі үйлік өсімдік.Жапырағы қабыршақ тәріздес ұзындығы 1,5-2 мм, ұзынша сопақ.Түйінжемісі дөңгелек немесе жұмыртқа тәрізді, дм 10-13мм. Суыққа төзімді, құрғақ тасты беткейде өсе  береді. Ағашы қатты, күшті. Таулы беткейлерде топырақ эрозиясынан қорғау мақсатында отырғызады.

Қазацкий аршасы - Қазақстанда Сауыр - Тарбағатайында, Жоңғар Алатауында, Зайсан шұңқырында өседі.Бұл арша құмды топырақты бекітуге қолданылады.Құмды төбенің ең биік төбесінде, басқа бұталар өсе алмайтын жерде өседі. Бұл аршаның кейбір түрі ағаш  тектес  болып келеді, биіктігі 10 метрге дейін жетсе, негізгі түрі жайылып  өседі, оны кейде жатаған арша деп атайды. Жас өркенімен  қылқанында болатын эфир майы өткір жағымсыз иіс шығаратындықтан  басқа аршалар мен  шатастырмайды. Жарық сүйгіш,суыққа және құрғақшылыққа төзімді топырақ таңдамайды. Негізінен құмды тоқтату мақсатында қолданады. Сонымен бірге жүннен  жасалған заттарды күйеден  қорғауға қолданады.         

Аршаның емдік қасиеттері. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуыққабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Өкпе, тері, астма ауруларын емдеген. Сонымен бірге аршаның жемісі ауыз қуысын дезинфекциялайды.

Қолданылуы. Арша ағашы жұмсақ, одан карандаш, домбыра, бесік жасалады. Қазақтар ас табақтарын арша ағашынан ойып жасаған.арша ағашының иісі қымыз иісіне ұқсас және мұндай табақта микробтар өсіп дамымайды. Сонымен бірге аршаның смоласын техникалық өңдеуден өткізу арқылы – сандарак алынады, ол ағашты лактауға қолданатын зат. Зеравшан аршасының өркенінен арша майы алынады, оның қасиеті әйнекке ұқсайды. Оны үлкен үлкейткішті микроскоптарда қолданылады.  

Көгалдандыруға қолдану. Арша өте әдемі ағаш, сондықтан оны қаланы көгалдандыруға қолданады.Бірақ сондай қасиетін біле тұра арша әлі толық елімізді жасыл құрылыс жұмысында көгалдандыруға дұрыс пайдаланбай отырмыз.Аршаны жаңа салынып жатқан шағын мөлтек аудандарда отырғызу жұмысын қолға алған дұрыс деп ойламын. Халқымыздың «Ағаштардың анасы - арша» деген теңеу сөзіңде қаншама ұлағатты ұғым жатыр. Ертеде  елден жырақ  кеткен азаматтар бойтұмар ретінде арша ағашының кесінді жаңқасын мейірлене иіскеп мауқын басады екен.

Дәл осындай сәтті өз жырына арқау еткен Мұзафар Әлімбаев былай деп толғанады :

 Не саған бойтұмардың көмегі бар?

 Иіскесем, ем – дарулық себебі бар

Тұмарда дұға орнында – 

Туған жер аршасы бұл! - дегені бар.




Источник: http://unnat.moy.su/stati/vidy_stancii_005.jpg
Категория: Наши публикации | Добавил: metodist (13.Янв.2014) | Автор: Базарова Айнагул Курманбаевна
Просмотров: 8030 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |