Пятница, 29.Мар.2024, 16:20Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2016 » Октябрь » 21 » «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
16:15

     Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 139 мектеп-гимназиясында «Жаратылыстану ғылымдарының кұпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының онкүндігі Жас Натуралистер Станциясының директоры З.А. Аришева бастаған педагогтардын қатысуымен ашылды. Онкүндіктің әр күні оқушылардың экологиялық,жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін тереңдету бағытында өтті.

    Алматы қаласы «СПИД» індетімен күрес орталығының маманы өткізген дәріс, оқушы балаларға терең ой салып, кездесу бейне материалдар көптеген сұрақ- жауаппен аяқталды.С.Ж.Асфендияров атындағы ҚАЗ ҰМУ-нің нутрициология кафедрасының доценттері Г.Хасенова, А.Б.Чуенбекова, А.Н.Қожахметова ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына

      «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты студенттердің қатысуымен тиімді тамақтану жайында дәрістер оқылып, видеофильм, слайдтар көрсетілді. Оқушылар арасында «Күн сайын қажетті тағам өнімдерінің қалайлы құрамын анықтауға және қарапайым тағамдардан ағзаға пайдалы ақуыздар, дәрумендер, микроэлементтер және басқа да шипалы «заттектерді қалай алуға болатыны» туралы тақырыптарда викторина, ойын әңгімелер жүргізілді, сауалнамалар алынды. Тиімді  тамақтану жайында ақпараттық таным материалдар таратылды. ҚАЗ ҰМУ-нің 4-курс студенттері бұл шараға белсене қатысқаны үшін мектеп директоры Қуатбеков Е.Н. студенттерді Алғыс хатпен марапаттап, мектеп ұжымының атынан ізгі тілектер тіледі. Сонымен қатар осы шараға қатысқан әр оқушы жүлделермен сыйлықтарға ие болды.

Автор Салимбаева Н.Т.

Просмотров: 1495 | Добавил: metodist | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |