Пятница, 26.Апр.2024, 03:19Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Февраль 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 75
Форум: 133/616
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 72
Гостевая книга: 134
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0


Главная » 2018 » Февраль » 1 » Через искуство к зеленой планете - экотеатр
Через искуство к зеленой планете - экотеатр
15:07

«Өнер арқылы жасыл планетаға» атты

театрландырылған экологиялық көрініс фестивалін өткізу

Ережесі

1.Жалпы ереже

1.1.Театрландырылған экологиялық көрініс қалалық фестивалін өткізу ережесі оның мақсатын, міндетін және өткізілу тәртібін анықтайды.

1.2. Мақсаты:

-балалардың зияткерлік деңгейін және экологиялық ой-өрісін дамыту.

-білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жағдай жасау.

-неғұрылым дарынды шығармашылық ұжымдарды анықтау;

- балалар театр ұжымының көркемдік жетекшілерін кәсіби жетілдіру.

1.3. Фестиваль Алматы қалалық Білім Басқармасы Жас натуралистер станциясында өткізіледі.

1.4. Фестиваль 2018 жылы сағ.11.00-де ЖНС-ның салтанат залында қазақ тілінде оқитын мектептер үшін 13 ақпанда, орыс тілінде оқитын мектептердің оқушылары үшін 14 ақпанда өткізіледі.

1.5.Фестивальге 2018 жылдың 8-ші ақпанына дейін қатысуға өтініш берген және 1000 теңге ұйымдастыру жарнасын төлеген театр ұжымдарына қатысуға рұқсат беріледі.

2. Қатысу тәртібі.

2.1.Қатысушылардың жас категориясы:

- жас категориясы-11-18 жас.

2.2. Фестиваль аясында театр ұжымдары, қазылар алқасына міндетті түрде экологиялық бағыттағы ұзақтығы 15 минуттан аспайтын кішігірім көрініс көрсетеді (көріністен үзінді).

2.3. Қажет болған жағдайда дыбыс жазатын аппаратты флеш- жинақтаушыдағы фонограммалар және CD ға (әрбір трек жеке CD) пайдалануды қатысушылар өзімен бірге ала келеді және өздеріне берілген құрал-жабдықтарды алдын ала тексеріп алады. Қажетті музыкалық және техникалық құрал-жабдықтар қатысу жөніндегі өтініште көрсетілуі тиіс.

3.Фестивальдің қазылар алқасы:

3.1.Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті анықтайды. Қазылар алқасының тізімі фестиваль басталғанға дейін жариаланбайды.Фестиваль аяқталғаннан соң қатысушылар мен педагогтар қазылар алқасының мүшелерімен пікір алмасып қатысушылардың орындағандарын талқылауға мүмкіншілігі бар. Қатысушылардың байқаудағы көрсетілімін жалпыға бірдей критерилер бойынша бағаланады: техникалық шеберлігі (номинацияға сәйкес), актерлік шеберлігі, репертуардың күрделілігі, киімі және т.б.

4.Жүлделер мен марапаттар:

4.1. Әрбір жас категориясы бойынша жүлделі орын алғандарға I, II және III-ші дәрежелі Дипломмен марапатталады, сонымен қатар басқа қатысушыларға, қатысқаны жөнінде куәлік беріледі.

4.2. Арнайы дипломдарды, қазылар алқасының ұйғарымымен аса бір көзге түскен қатысушыларға: «Үздік режиссер», «Ең әдемі киім үшін Диплом», «Ең үздік актерлік шеберлігі үшін Дипломы», «Ең жас қатысушыға Дипломы» және т.б. тапсырылады.

Өтініш мына мекен-жайда қабылданады: Алматы қаласы Жас натуралистер станциясы, Щепкин көшесі 27 үй, Ұйымдастыру комитеті: каб 12,
тел: 309-75-99.e-mail:naturalist2011@mail.ru

Өтініштің үлгісі:

Топтың жасы

Білім ұйымы

Көріністің атауы

Жетекшінің лауазымы, жұмыс орны

Байланыс телефондары

 

Фестивальге қатысу Ереженің тәртібін толық және сөзсіз қабылдауды білдіреді. Осы Ереженің тәртібін орындамаған жағдайда, фестивальдің беделіне зиян келтірсе, қазылар алқасы және ұйымдастырушылармен дауласқан жағдайда қатысушы шеттетілуі мүмкін.

Просмотров: 743 | Добавил: metodist | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2024 |