Вторник, 11.Дек.2018, 12:57Главная | Регистрация | Вход

Меню сайта

Форма входа

Логин:
Пароль:

Поиск по Сайту

Поиск на яндексе

Облако тегов

Календарь

«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Яндекс.Погода

Счетчик материалов

Коментарии: 62
Форум: 133/612
Фотографии: 707
Новости: 342
Закачки: 2
Публикации: 70
Гостевая книга: 135
Тесты: 14

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Главная » 2018 » Ноябрь » 21 » «Балалардың қолайлы табиғи ортада лайықты өмір сүруі үшін» атты қалалық сурет байқауының өткізу ережелері
«Балалардың қолайлы табиғи ортада лайықты өмір сүруі үшін» атты қалалық сурет байқауының өткізу ережелері
08:09

«Балалардың қолайлы табиғи ортада

лайықты өмір сүруі үшін» атты қалалық сурет

байқауының өткізу ережелері

Адам құқықтарының жалпы декларациясының

70-жылдығына және қосымша білім берудің

100-жылдығына орайластырылған байқау

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948 3-бап.

«Әрбір адам өмір сүруге, еркіндікке және

жеке дербестікке құқылы».

Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының

адамды қоршаған ортасының проблемаларына

арналған Стокгольм декларациясы 1972 1-Қағида

«Адам қоршаған ортадағы өмір сүру еркіндігіне,

теңдігіне және қолайлы жағдайларына негізгі құқылы, оның сапасы лайықты және гүлденген өмір сүруге мүмкіндік береді және қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға басты жауапкершілік жүктеледі.»

 

 

 

 

  1. Жалпы ережелер

«Балалардың қолайлы табиғи ортада лайықты өмір сүруі» атты қалалық балалар сурет байқауын «Жасыл құтқару» Экологиялық қоғамы Алматы қаласы Жас натуралистер станциясымен бірлесіп өткізеді.

 

Біздің қаламызда шешімін талап ететін көптеген экологиялық мәселелер бар. Бұл ауаның, көлдердің, өзендер мен жердің ластануы. Бұл көптеген қоқыстар. Құстар мен жануарларға, ағаштар мен гүлдерге арналған орындар азаюда. Осы жағдайды жақсарту үшін балалар не істей алады?

Олар экологиялық ойлау мен өмір сүру жолында алғашқы қадамдар жасай алады. Болып жатқан жағдайларға өз көзқарасын білдіріп, өзгелерді табиғатқа қамқорлықпен қарауға шақыра алады.

ҚР - дағы бала құқықтары туралы заң бойынша (12 бап. Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы) " 1. Әрбір баланың толыққанды дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру деңгейі мен жағдайларына құқығы бар".

Бала құқықтары туралы Конвенцияда (1989, 13-бап) " 1. Баланың өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар; бұл құқық шекараларына қарамастан, ауызша, жазбаша немесе баспа түрінде, өнер туындылары нысанында немесе баланы таңдау жөніндегі басқа да құралдардың көмегімен кез келген түрдегі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігін қамтиды".

 

Құрметті балалар мен ересектер, студия жетекшілері, педагогтар,

Сіздерді балалар сурет байқауына қатысуға шақырамыз!

 

Байқаудың мақсаты – экологиялық және құқықтық білім және тәрбие беру.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: балалардың экологиялық ойлауы мен мәдениетін Қазақстан табиғатының керемет бұрыштарына, көбінесе оның таулы аймақтарына, табиғатты қорғаудың проблемаларына назар аударту жолымен қалыптастыру, эстетикалық және экологиялық талғамын дамыту, қоршаған ортаның әсемдігін қабылдау.

2. Өткізу уақыты мен орны

Қалалық балалар сурет байқауы Алматы қаласында Жас натуралистер станциясының базасында өткізіледі.

Жұмыстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 1-30 қараша аралығында Щепкин көш.,27 мекенжайындағы Жас натуралистер станциясында қабылданады. Байланыс телефондар: қабылдау бөлмесі 309-66-44, әдістемелік бөлім 309-75-99.

1 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында жұмыстарды қазылар алқасы қарайды және номинациялардың ішіндегі үздіктері марапаттау үшін іріктеледі. Қазылар алқасының құрамына конкурсты ұйымдастырушылардың өкілдері кіреді. Ең үздік жұмыстар Жас натуралистер станциясының көрмесінде көрсетіледі. Көрменің ашылуы және жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылдың 11-желтоқсанында сағат 11.00-де Жас натуралистер станциясында өтеді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, қатысушылар грамоталармен марапатталады. Ұйымдастырушылардың қалауы бойынша қосымша ынталандыру номинациялары тағайындалуы мүмкін.

Өтінім нысаны

Конкурсқа ұсынылған әрбір жұмыс қатысуға өтініммен сүйемелденеді:

 

Қатысушының аты-жөні

Қатысу-шының жасы

Сынып,

мектеп,

ұйым

Номинация, жұмыстың атауы

Жұмыс жетекшісі (лауазымы,

жұмыс орны)

Байланыс

телефондары

 

Талапқа сай емес жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.

Қатысушының қалауы бойынша конкурстық жұмыстарды авторға қайтаруға болады.

Байқауға жұмысын ұсына отырып қатысушы байқаудың мақсаттарына сәйкес, авторлықты міндетті түрде көрсету шартымен ұйымдастырушыларға өз жұмыстарын кез-келген мақсатта қолдануға келіседі.

3. Байқауға қатысушылар

Байқауға 6-17 жас аралығындағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Жұмыстар үш жас топтарында қарастырылады:

-6-9 жас,

-10-14 жас,

-15-17 жас.

4. Өткізу тәртібі және қатысу шарттары

Номинациялар:

  1. "Біздің табиғатты сақтаймыз!" үндеу-плакаты
  2. "Әлемді құтқаратын Сұлулық"- табиғат сұлулығын көрсететін сурет.
  3. Еркін тақырыптағы сурет (жұмыстың авторымен байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталады. Мысалы, "Тауға серуендеу", "Менің астауымдағы құстар", " Ағаштар – біздің достарымыз!" және басқалар): "Табиғатты сақтауға қалай көмектесеміз".

Жұмысқа қойылатын талаптар.

Жұмыс форматы: сурет – А4 немесе А3, плакат – А1 артық емес.

Жұмыстар автордың қалауы бойынша кез келген техникада орындалуы мүмкін.

Жұмыстар конкурс тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

Жұмыстар жапсырмасы бар картон паспартуға ресімделуі тиіс, оның көлемі 5х7см-ден аспауы тиіс және жұмыстың бет жағының оң жақ бұрышында паспартуға жапсырылады. Жапсырма мынадай ақпаратты қамтуы тиіс (міндетті түрде көрсетілген тәртіпте): қатысушының тегі, аты, жасы, жұмыстың атауы, ұйымы, педагогтың аты-жөні.

Бір қатысушыдан 2 жұмыстан артық қабылданбайды.

Қатысушылар өтінімдерді және жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша ұсынады:

Алматы қ., МКҚК "Жас натуралистер станциясы", Щепкин к-сі, 27;

Анықтама телефоны: 309-75-99 (әдістемелік кабинет);

e-mail: naturalist2011@mail.ru

Просмотров: 10 | Добавил: metodist | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
free counters
Copyright MyCorp © 2018 |